Студенттер үйінің басшысы

Макеев Эмир Шоламанович

 

Студенттер үйі туралы мәлімет

С.Торайғыров атындағы университеттің жатаханасы 1974 жылы ашылды. 2001 ж. жатахана аты Студенттер үйі деп ауыстырылды.

Студенттер үйі 3 блокқа бөлінген, 5 қабаттан, 162 бөлмеден тұрады. Қазір Студенттер үйі 380 жататын орынға ие. Жетім студенттер мен әке-шешесінің қорғауынсыз қалған студенттер Студенттер үйінде тұрғаны үшін алынатын ақыдан босатылған.

Студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға 120 орыны бар мәжіліс залы ашылған, караокемен музыкалық орталық, 114 см диагональды проекциялық теледидар, кабельдік теледидар қосылған, видео және медиатека бар, олар үнемі толықтырылады, компьютерлік кабинет, тренажер және теннис залдары жұмыс істейді, спорт құралдары алынған.

 

Студенттер үйінде ұйымдастырылған студенттік кеңесі Студенттер үйінің тәрбиешісі У.Д. Жұматаеваның жетекшілігімен "Students life" қабырға газетін шығарады, мерекелік кештерді, дискотекалар шахматтық жарыстар да өткізеді. Тұруға байланысты мәселелерді шешуге және талқылауға Студенттер үйі активы университет басшылығымен кездесулерді (дөңгелек үстелдерді) жиі өткізеді.

Студенттер үйінің территориясында жазғы спорттық алаңшалар, стритбол құрастырылған. Турник, швед қабырға, брусьтер, жылан сияқты спорт құрылымдары жасалған. Тұрып жатқан студенттерге көмек ретінде оқу сыныбы жұмыс істейді, жыл сайын университтің есебінен 100 мың теңгеге газеттерге, журналдарға жазылу ұйымдастрылады. Тұрып жатқандарға кір жуатын бөлме бөлінген соның ішінде 5 кіржуғыш «Индезитt» автомат-машиналар құрылған. Ыңғайлы душтық кабинкалар жұмыс істейді. 9 электрикалық плиткасы бар екі ас бөлмелер бар, Студенттер үйінде тұратын жастар Студенттік клубта буфеттік тамақтануға мүмкіндіктер ұйымдастырылған.

Әр бөлмеде раковиндер, санитарлық түйіндер, қажетті жиһаз: төсек орын, кітап сөрелер, тумбалар, үстелдер, орындықтар бар. Жыл сайын кіре берістің, баспалдақтардың және бөлмелердің ремонты университтің есебінен жасалады.

 

 

Студенттер Үйі күні бойы күзеттің қарауында. Іргелес территория мен жатақхананың ішінде бақылау камералары орнатылған.

С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің ұжымы студенттердің тұрмысын жақсарту үшін барлық жағдайларды жасайды. Университет студенттердің тұру жағдайын жақсартуға бағытталған тың идеяларға бай және келешекке зор үмітпен қарайды.

Студенттер үйінің негізгі міндеттері:

  • Қаладан тыс тұратын магистрантарды, аспиранттарды, докторанттарды, білікті көтеру факультеттің тыңдаушыларын және басқа жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша кәсіби білім алу оқу түрлері кезеңдері кезінде орналастыру
  • Тұруға, өз бетімен дайындалуға және дем алуға, сонымен қатар мәдени-тәрбиелік пен жаппай көпшілік-спорттық шараларды өткізуге қажетті жағдайлар жасау
  • Студенттер үйі С.Торайғыров атындағы университеттің құрамына құрылымдық бөлімше ретінде кіреді және бюджет қорының, университеттің шаруашылық іс-әрекетінен түсетін Студенттер үйін пайдалануға арналған ақының және басқа да бюджеттен тыс қорларының көмегімен қамтамасыздандырады.
  • Материалдық базаның дамытуын күшейту, Студенттер үйі бойынша жалпы басқару, күнделікті тұрып жатқандарға көмек көрсету директорға міндеттелді.