КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне қарасты Гуманитарлық-педагогикалық факультетінде 2004 жылдан «Орындаушылық өнер» кафедрасы жұмыс істейді. Кафедра екі мамандық бойынша мамандарды дайындайды. 5В010600 «Музыкалық білім» және 5В040200 «Аспаптық орындау» мамандықтары. Кафедраның оқытушылар құрамы 12, оның ішінде 2 қосалқы қызмет атқарушылар. Штаттың құрамында 2 «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», 1 – «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі», 4 «ҚР Мәдениет қайраткері» бар.

  

КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ

Т.А.Ә.: Бегімтаев Әмірғалы Ілияшұлы

Лауазымы: «Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәрежесі: Философия және әлеуметтік–гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми, академиялық атағы: -

Білімі: 1984 жылы Павлодар индустриалды институтын «Өндірістік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1984 жылдан 1990 жылдары «Павлодарэнерго» жүйесінде және Павлодар мемлекеттік сынақ станцияларында қызмет атқарған. 1990-2003 жылдар аралығында ҚР ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған.

2004 жылдан С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап факультет деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2008 жылдан деканның жалпы мәселелер бойынша орынбасары.

2010 ж. саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғады.

2013 ж. бастап «Тарих және құқықтану» факультетінің деканы. 2014 ж. бастап гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы.

Ғылыми еңбектер тізімі: Осы жыл аралығында 28 оқу-әдістемелік құрал және 110 нан астам мақалалар шығарған.

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тәрбиелік жұмыс

Кафедраның жетістіктері

Үздік түлектер

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Сертификаттар

Аккредитеттеу сертификаты