КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 

1991 жылы "Экономика" кафедрасы қалыптасты, университеттің ең алғашқы экономика кафедрасы болып саналады.

Кафедра қалыптасқаннан бері оқытушылар белсенді түрде әртүрлі сайыстарға, жобаларға, экономика және басқару саласындағы бағдарламаларға, экономика және басқару саласындағы ғылыми-практикалық жобалар қатарындағы әзірлемелерге қатысады, оқудың қазіргі заманға сай түрлерін және әдістерін оқиды және пайдаланады: кейстік және тесттік технологиялар, іскерлік және рөлдік ойындар, презентациялар және модернизациялар, пресс-конференциялар және диспуттар, және Интернет-технологиялар және басқалары.

"Экономика" кафедрасы келесі мамандықтар бойынша дайындайды:

- 5В050600 «Экономика».

- 5В051100 «Маркетинг».

- 6М050600 «Экономика».

- 6М051100 «Маркетинг».

- 6D050600 «Экономика»

"Экономика" кафедрасының түлектері бүгінгі таңда Павлодар облысының ең талап етушілерінің бірі болып есептелінеді. Кейбір түлектер өздерінің оқытушыларының дәстүрлерін және ғылыми деңгейлерін ұлғайта өздерінің оқуларын магистратурада және докторантурада жалғастыруда.

Кафедраны экономика ғылымының кандидаты, доценті Кунязова Сауле Каирбековна басқарады.

Қазіргі уақытта кафедрада 24 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде, 5 экономика ғылымының кандидаты, 2 техника ғылымының кандидаты, 2 экономика ғылымының докторы, 1 доктор PhD, 10 ғылым магистрі жұмыс істейді.

Кафедра С. Торайғыров атындағы ПМУ мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің құрылымдық бөлімі болып саналады.

 

 

КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ

 

Кунязова Сәуле Қайырбекқызы

"Экономика" кафедрасының меңгерушісі.

ҚР ККСОН доценті, экономика ғылымының кандидаты. Диссертацияны 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ішіндегі ОК 53.39.05 диссертациялық кеңесінде қорғады. 1997 жылдан бастап ПМУ жұмыс істейді, ғылыми-педагогикалық тәжірибесі 21 жыл.

Кунязова С.К. барлық деңгейдегі білім алушылар үшін дәріс оқиды және тәжірибе сабақтарын жүргізеді.

Диплом, магистрлік және докторлық жұмыстарымен жетекшілік жұмысын атқарады. Қазіргі уақытта оның жетекшілігімен «Экономика», «Маркетинг» мамандықтары бойынша 80-ге жуық жұмыстар табысты қорғалынды және орындалды. Университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми жұмысына белсене қатысады.

Кафедра меңгерушісі Кунязова С.К. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Ең үздік оқытушысы» атты 2008, 2010 жж. «Ең үздік кафедра меңгерушісі» сайысынның басты жүлдеcімен марапатталынды. 2010 жылы «С. Торайғыровтың Алтын медалімен» марапатталды. Білім берудің Құрметті қызметкері болып табылады.

Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға бірнеше рет қатысты. Қазіргі таңда 80 астам жариялама, сонымен қатар 4 оқу-әдістемелік оқу құралы, 1 монографиясы бар.

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы

Павлодар қ, Ломов көш 64, С. Торағыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің "Экономика" кафедрасы

 

тел: 8(7182) 673643 (ішкі 1142)

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Материалды база

Кафедра жетістіктері

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тәрбие жұмысы

Үздік түлектер

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Аккредитеттеу сертификаты