1967 жылдың 1 қыркүйегінде университеттің «Знание» газетінің бірінші нөмірі Леонид Борисович Вереславскийдің редакциясымен жарық көрді. Газет екі парақтан тұрады және аптасына бір рет 1000 данадан шығарылды. 1972-1992 жылдар аралығында редакцияны Тамара Дудоладова басқарды. 1993 жылы газет өзінің басылымын тоқтатып, қызметін 1999 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ және ПаУ әкімшілігінің бастамасымен қайта шықты.

«Білік» газеті 2001 жылдың сәуір айында университет ректоры Ерлан Арынның бастамасымен қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

2003 жылы 24-ақпанда С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Л.Серғазина» атындағы баспасөз орталығы ашылды. Баспасөз орталығына Кереку өңірінен шыққан тұңғыш қазақ кәсіби журналист қызы, жерлесіміз, бүкіл Қазақстанға аты әйгілі ақын жары, асыл ана, текті отбасының ұрпағы, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, КомВуз-дың журналистика бөлімін бітірген қазақ қыздарының бірегейі Ләзиза Мешітбайқызы Серғазина есімімен аталады.

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қазақтың тұңғыш әйел журналисі, Қазақстанның халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың жары Ләзиза Серғазинаның құрметіне мұражайдың тұсау кесері өтті. Еліміздегі алғашқы журналист аруына арналған мұражай біздің ойымызша бүгінгі журналистика саласын таңдаған жас қазақ аруларына үлгі-өнеге болатыны мәлім. Бүгінгі таңда өз маманының нағыз майталманы саналатын аруларымыздың жігері жанымызға қуаныш ұялатады. Кезінде ақпарат әлеміне қазақ қыздарына айқара жол ашқан алғашқы журналистика саласының майталманы Ләзиза Мешітбайқызы Серғазина – киелі Кереку жерінің тумасы. 1908 жылы белді дін қызметкері Мешітбай бабаның отбасында дүниеге келген. Болашақ журналист 1930 жылы сол кездегі Алматы коммунистік жоғары оқу орнының журналистика факультетіне түсіп, қазақ әйелдері арасында алғашқы болып журналистік кәсіби білім алды. Жоғары оқу орнында оқып жүрген сәтінде ол Қазақстанның халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевпен танысып, екеуі отау құрады. 1933 жылы Л.Серғазина «Сталин жолы» (қазіргі «Жетісу»), 1933-45 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде қызмет атқарды. 1950 жылы ол «Қазақстан әйелдері» журналына ауысып, бұл басылымда зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді. Журналистің қаламынан туған мақалалар әйелдерге қатысты мәселелерді арқау еткен.

2012 жылдан баспасөз орталығы медиаорталық болып қызмет етіп келеді. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің медиаорталығы – жоғары оқу орынның жаңалықтары мен өмірі турасында, ғылыми жобалар, сонымен қатар күнделікті хабарландырулар мен заманауи трендтер туралы заманауи және жан-жақты ақпаратпен жұртшылықты қамтамасыз ету міндеті жүктелген құрылымдық бөлім.

Бүгінгі таңда «Білік» 12 беттен тұрады, ол ай сайын 700 дана таралыммен шығарылады.

Университетте өткізілген шаралар туралы ақпараттар  әлеуметтік желілердің (Instagram, ВКонтакте, Одноклассники Мой мир) арнайы парақшаларында орналастырылып тұрады.

 

Ақпараттық агенттік қызметкерлері