2009 жылдың 9 сәуірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде халықаралық ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымен біздің университеттің оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге және студенттері үшін Темпус пен Эрасмус Мундус бағдарламаларының координаторы Тасбулатова Шайзада Умирзақованың қатысуымен өткен Темпус бағдарламасына арналған ақпараттық семинар болып өтті.

 

ТЕМПУС IV – бағдарламасының бірінші кезеңі

Темпус – бұл Европа Одағының жоғарғы оқу орындарының ынтымақтастығы арқылы және серіктес-мемлекеттердің (Батыс Балкан елдері, Шығыс Европа, Солтүстік Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс) жоғары оқу орындарының жобаларын қаржыландыру арқылы жоғарғы білім беру жүйесін модернизациялауға арналған бағдарлама.

Бағдарламаның жалпы мақсаты – Лиссабон конвенциясы мен Болон процессі принциптеріне сәйкес, жоғары оқу орындары саласындағы орын алған өзгерістерге жақындасу, европадағы болып жатқан өзгерістерге үндестіру, конвергенцияға ерікті түрде қолдау көрсету.

Темпус бағдарламасының жалпы принципі - «төменнен-жоғарыға» тәсілі. Ұлттық басымдылық пен серіктес-мемлекеттердің жоғары оқу орындарының жалпы ұстанымдарын ескере отырып, жоғары оқу орнының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу орындары мақсаттар мен атқаратын қызмет мазмұнын өздері анықтайды.

Темпус бағдарламасының жалпы жетекшілігі Европалық комиссиясы, Брюссель қаласы (білім және мәдениет жөніндегі бас хатшы мен Ішкі ынтымақтастық жөніндегі бас мердігер) арқылы жүзеге асырылады. Евро Одақтың оқу және білім бағдарламаларының жеке бөлімдерін басқару Атқарушы Білім Агенттігіне, Аудио-визуальды құралдар және Мәдениет Агенттігіне (the Education, Audiovisual & Culture Executive Agency) жауапкершілік міндеттелген. Атқарушы Агенттіктің қызметін үйлестіруді үш бас мәдігерлер (Білім беру мен Мәдениет, Қоғамдық ақпараттандыру мен Бұқаралық ақпарат құралдары, Ішкі көмек көрсету жұмысын басқару) атқарады.

 

ТЕМПУС IV қалай қызмет атқарады?

Темпус IV кезекті кезеңі 2008 жылдың қаңтар айында, жобалар ұсыну конкурсы жарияланған сәттен басталды. Өтініш берудің жаңа мерзімі -2009 жылдың 28 ақпанында басталды.

2008 жылдың қазанында ұсынылған жобаларды таңдау аяқталып, қорытындысында 76 жоба анықталды, олардың ішінде 63 Біріккен және 13 Құрылымдық Шаралар, 54 қатысушы мемлекетте жүзеге асырылатын бағдарламалар анықталды. Осы конкурстың жалпы бюджеті 60 миллион Евроны құрады.

Темпус IV-тің Темпус III-тен айырмашылығы екі жоба қаржыландырады - БІРІККЕН ЖОБАЛАР және ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШАРАЛАР – жобалық ұсыныстарды конкурстар өткізі арқылы таңдау.

Жобаларды таңдап алып, қаржыландыру конкурс арқылы өткізіліп, конкурс қорытындысы мына сайтта: http://ec.europa.eu/tempus жарияланады.

Темпус IV (EAC/01/2009) бағдарламасының екінші конкурсына қатысу үшін хабарландырудың қысқаша мазмұнымен ағылшын тілінде танысуға болады: ЕКІНШІ КОНКУРСҚА ӨТІНІШ EAC/01/2009 Жобаның үшінші түрі – ІЛЕСПЕЛІ (ҚОСТАУШЫ ) ШАРАЛАР-бекітілген контракт аясында және тендер жүргізу арқылы қаржыландырады.

Біріккен Жобалар институттық деңгейде және келесі қойылған міндеттерді шешуге бағытталу арқылы жүзеге асырылады:

1- Оқу бағдарламаларын реформалау:

• Қолданыстағы оқу бағдарламаларының мазмұнын, білім беру әдістерін қайта құру, модернизациялау мен бейімдеу және жаңа оқу материалдарын енгізу.

• Екі дәреже беру , көп дәреже және біріккен дәреже беру оқу бағдарламасын құру

• Еңбек нарығында байланыстар орнату.

2- Басқару реформасы:

• басқару жүйесін и жоғары оқу орындарындағы менеджментті, әлеуеттік модернизациялау

• «Мәдениетті өрлету» сапасын арттыру

3 - Жоғары білім мен қоғам:

• қоғамда жалпы жоғарғы оқу орындарының алатын рөлін арттыру

• «үшбұрыштық білімді» дамыту – білім, зерттеу мен инновацияның арасындағы байланыстарды құру (жобадағы басты акцент зеттеуден алшақтамау керек)

• еңбек нарығы мен жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды дамыту

4 - Тематикалық байланыстар:

• Сократес-Эрасмус бағдарламасы аясында құрылған «Тақырыптық байланыстарды» кеңейту және серіктес мемлекеттер арасындағы олардың қызметін кеңейту.

Біріккен бағдарламалар студенттердің мобилділігі, оқытушылар, ізденушілер, университет басшылары үшін ұзақ және кең ауқымды болуы мүмкін. Біріккен Жобалар Европа одағындағы және серіктес - мемлекеттердің оқу орындардың біліміне бағытталған болуы керек.

 

Құрылымдық Шаралар

Құрылымдық шаралар ұлттық деңгейде серіктес мемлекеттер арасындағы жоғарғы оқу жүйесінің құрылымын реформациялау мен оны қолдап дамытуға, қоғамда күтілетін еңбек сапасын арттыруға, европалық өзгерістерді ендіруге бағытталған.

1 – Басқаруды реформалау (лицензиялау, аккредитациялау, сапалық бағалау құрылымы, сапамен камтамасыз ету, дербестілік)

2 – Жоғары біліммен қоғам (әртүрлі оқу секторының арасындағы байланыстар, еңбек аясы шеңберінде, мемлекеттік басқару үшін мүмкіндіктерді арттыру.)

Жобаларға зерттеулер жүргізу, ұлттық, аймақтық және тематикалық конференциялар мен семинарлар, білім беру шараларын ұйымдастыру, саясат мәселесі бойынша кеңестер беру және ақпараттар тарату.

Қосымша қойылатын талаптар:

Жобаға міндетті түрде серіктес ретінде Білім министрлігі қатысуы немесе жоспардың мақсаты мен міндетіне арнайы қолдау көрсету. Консорцимға және жоспардың қызметі серіктес ретінде Білім министрінің қатысатыны жөнінде келісім берген хатымен (letter of endorsement) дәлелденеді. Жоспардың мақсаты мен тапсырмаларын Министрліктің қолдайтыны жөнінде қолдау хаты (letterofsupport) болуы қажет, өтініш беруші оны өтінішпен бірге ұсынуы қажет(егер Министрлік арнайы серіктес болып табылмаса).

Жалғас міндеттемелер шаралары:

БІРІККЕН ЖОБАЛАР мен ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШАРАЛАРДАН айырмашылығы, олар келісім-шарттар мен тендерлер арқылы қаржыландырылады. Оларға тәжірибені тарату мен ақпараттық сесиялар өткізу енеді - тақырыптық конференциялар, зерттеулер ж.б.- әсер ету мен озық тәжірибелерді енгізу, қажет еткен тараптың өкілдеріне кеңестер беру.

 

ТЕМПУСҚА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Темпус бағдарламасы университеттер мен басқару огандарына, сонымен қатар жоғарғы білім беруге қатысы бар барлық ұйымдар мен өнеркәсіптерге ашық. Серіктес ретінде жоғарғы білім беруге қатысы бар келесі құрылымдар қатыса алады.

• Мемлекеттіқ ұйымдар (ұлттық, аумақтық әкімшілік және жергілікті басқару органдары) немесе мемлекетік және қоғамдық ұйымдар.

Консорциумға мүше емес ұйымдардың жекелеме эксперттері шараларға қатысуға шақырыла алады, егер олардың қатысуы келісілген немесе жоспарды іске асыруға көмек көрсететін болса.

Темпус бағдарламасына қатысу жөнінде толық ақпаратты Темпус сайтынан http://ec.europa.eu/tempus ала аласыз, конкурс туралы ақпарат жиі осы сайтта жарияланып отырады.

 

ГРАНТТАРЫ КӨЛЕМІ МЕН ЖОБАНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ БІРІККЕН

жобалар мен ҚҰРЫЛЫМДЫҚ шаралардың бюджеті - 500 мың. евродан 1.5 млн. евроға дейін. Гранттың төменгі көлемі жылдық бюджеті 1 млн. евродан кем емес мемлекеттер үшін (Албания, Черногория, Орталық Азия): 300 мың. Евроны құрайды. Жобаның ұзақтығы: 24 тен 36 айға дейін.

 

ТЕМПУС IV ТІҢ ЖАҢА ЭЛЕМЕНТТЕРІ:

• Бұрынғыдай «Өтініш берушілерге Басшылық» төрт жақтылық болмайды, оның орнына - жобалық ұсыныс өтініштеріне бір хабарлама берсе болғаны;

• Өтініш беру кезіндегі нұсқаулықты толтыру(бұрын төрт бөліктен тұрса «Өтініш берушілерге толтыру нұсқаулығы») бір өтініш беру формасына кіріктірілген;

• жекелеме мобильділікке Гранттар берілмейді;

• Қосымша шаралар болмайды;

• Көп серіктестердің қатысуымен болатын, аса көлемді жобалар қарастырылатын болады (бір университетке арналған шағын жобалар қаржыландырылмайды);

• Гранттар көлемі артты;

• Міндетті талаптар – бағдарламаның проритетіне және ұлттық ұстанымдарға сәйкес;

• Серіктес мемлекеттер аумағы кеңейді (Израиль);

• Турция мен Европа Одағының еркін сауда ассоцияциясы өзін-өзі қаржыландыру принципі основасымен қатысады;

Европа Одағынан өтініш берушілер Эрасмус Хартиясына енген Университер болуы кажет;

• Өтініш беруші болып серіктес мемлекеттердің бірі қатысуға болады;

• Академиялық аумаққа енбейтін серіктестерде құпталады;

• Біріккен оқытушылар мен студенттер серіктес ретінде немесе өтәнәш беруші жақ ретінде қатыса алады;

• Жобаны іске асыру кезінде студентер мен олардың ұйымдарының қатысуы құпталады;

• Еңбек ақыны төлеу жөніндегі қойылған шектеулер алынған: оның орнына шығындардың кетуі жөнінде дәлелдемелер талап етіледі;

• Студенттік мобильділікке ең көп дегенде 3 ай Эрасмус Мундуспен сәйкестік болмас үшін: максимум месяца во избежание совпадения с Эрасмус Мундус/МАО (мобильділік аясындағы оқу мойындалуы тиіс)

• қорытындылардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мен таратуға үлкен акцент қойылады;

• Атқарушы агенства жобаның өмірлік цикліне, жасалған келісімдерге мен төлемдерді іске асыруға жауапты.

• Түскен өтініштерді қарауда мынандай ұсыныстарға аса көңіл аударылады:

• Серіктес мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарының құрылымының репрезентативтілігі;

• Академиялық емес консорциумдардың қатысуы;

• Аумақаралық ынтымақтастықтың дамуы қарастырылған;

• Студентердің белсенді қатысуы немесе олардың біріккендігі қарастырылған;

• Институтциялылық даму үрдісі қарастырылған және әлеуеті нығайтылған;

• Жоғары оқу орындарына мен оқу жүйесіне ауқымды әсер ететін корсететін.

КОНКУРСҚА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ:

• Екі жыл көлемінде Темпус бағдарламасының грантын жеңіп алған заңды тұлғалар;

• Екі жыл көлемінде Темпусқа ұсынылған жобалары Европа Одағы комиссиясының шешімімен грант келісіміндегі қойылған шарттары мен талаптар орындалмағандықтан жобалары жабылғандар үшін;

• Жеке тұлға;

• Қатысуға келісім хат ұсынбаған серіктестер.

Ұлттық жобаларға серіктестіктің мына түрлері қатысуға жіберіледі:

• Кем дегенде, Европа Одағының екі мемлекетінің жоғары оқу орны қатысуы;

• Кем дегенде, бір академикалық немесе академиялыққа жатпайтын ЕО үш мемлекетінің бірі қатыстырылған серіктестік;

• Кем дегенде, серіктес мемлекеттер арасынан үш жоғары оқу орны қатыстырылған ( Черногория, Косово мен Македония үшін бір оқу орны жеткілікті).

Аумақтық жобалар үшін серіктестіктің мына түрі қолданылады (бірнеше мемлекеттер қатысуымен):

• Кем дегенде, ЕО әртүрлі екі мемлекетінің жоғарғы оқу орны қатыстырылған;

• Кем дегенде, бір академикалық немесе академиялыққа жатпайтын ЕО үш мемлекетінің бірі қатыстырылған серіктестік (жаңа талап);

 

КАЗАХСТАН

ТЕМПУСТЫҢ ҰЛТТЫҚ ПРИОРИТЕТТЕРІ

БІРІККЕН ЖОБАЛАР

Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды модернизациялау

• Техникалық ғылымдар мен технологиялар;

• Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес;

• Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру.

Европалық кредит трансферт жүйесін(ECTS,) үш сатылы жүйені енгізуге бағытталған және дәрежені мойындаға аса көңіл аударылған жобалар құпталады.

Басқаруды реформалау

• Университетерді басқару мен студентерге қызмет көрсету;

• Сапамен қамтамасыз ету жүйесін енгізу.

Құрылымдық шаралар

Басқаруды реформалау

• Университетерді басқару мен студентерге қызмет көрсету

• Сапамен қамтамасыз ету жүйесін енгізу

 

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ПРИОРИТЕТТЕР

Жобалық ұсыныстардың екінші конкурсында бірінші конкурспен салыстырғанда, кейбір бөлімдеріне өзгешеліктер енгізілген – аумақтық қалаулар енгізілген.

Стратегиялық құжаттарға сәйкес, қатысатын мемлекеттердің байланысына сәйкес, АУМАҚТЫҚ ҚАЛАУЛАР, ең алдымен, серіктес мемлекеттер мен Европа Одағының мемлекеттеріне қатысты болуі қажет. АУМАҚТЫҚ ҚАЛАУЛАР біріккен жобалармен де, және құрылымдық жобалармен байланысты болуы керек. Олар екінші конкурс құжаттарының 8 бен 9 шы қосымшаларына енгізілген.

Көңіл аударатын жағдай:

o Бір Серіктес -Мемлекет қатыстырылған ұлттық жобалар ҰЛТТЫҚ ҚАЛАУЛАРДЫ ескеруі керек.

o Мемлекеттік кіші-гірім жобаларға кем дегенде бір аймақтағы екі Серіктес-Мемлекет қатысуы керек, сол жердің АУМАҚТЫҚ ҚАЛАУЛАРЫНА сәйкес келуі керек.

o Егер жобаның тақырыптық ұсынысы сол аумақтың қалауына сәйкес келсе, бір аймақтағы ынтымақтастық (аймақтар арасындағы) кіші-гірім жобалар арасында іске асуы мүмкін.

o Жобалық қалаулар бірінші конкурста қарастырылғандай, барлық тақырыптары ашылған кіші-гірім мемлекеттік жобалар екінші конкурст алып тасталды.

Сол себепті, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ үшін келесі АУМАҚТЫҚ ҚАЛАУЛАР қарастырылған:

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫН РЕФОРМАЛАУ (европалық кредит трансферт жүйесін (ECTS) үш сатылы жүйені енгізуге бағытталған және дәрежені мойындауды енгізген)

Академиялық бағыттар: Білім беру/педагогика, заң ғылымдары, басқару жүйесін арттыру, су, энергетика, қоршаған орта.

БАСҚАРУДЫ РЕФОРМАЛАУ

Университетерді басқару мен студентерге қызмет көрсету

Сапамен қамтамасыз ету жүйесін енгізу

Институтционалды және қаржылық есеп беру анатомиясы

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МЕН ҚОҒАМ

Өнеркәсіптермен серіктестікті дамыту

Үшбұрышты білім беру–білім – инновациялар –зерттеу жүргізу

Біліктілік құрылым

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШАРАЛАРҒА:

Басқаруды реформалау

Сапамен қамтамасыз ету жүйесін енгізу

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МЕН ҚОҒАМ

Өнеркәсіптермен серіктестікті дамыту

Үшбұрышты білім беру–білім – инновациялар –зерттеу жүргізу

Біліктілік құрылым

 

ЕВРОПАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІ ІЗДЕУДЕГІ ТҰО КӨМЕГІ

Казахстандағы Темпус бағдарламасының ұлттық офисі (ТҰО) сіздерге Европадағы жоғарғы оқу орындары арасынан біріккен жобаларды жүзеге асыру үшін серіктес табуға көмектеседі.

Бұл үшін университетерге керек:

• Жобаның басты идеясының қысқаша сипаттамасын дайындау;

• өз университеттеріңіз туралы мәләмет беру;

• Осы мәліметтерді ТҰО салып жіберу

Ұсыныстардың құрылымын (жобаның негізгі идеясын):

o Жобаның неге негізделгенін (қиыншылықтарынан бастап, қалай шешуге болатына дейін);

o Жобаның неге бағытталғанын және мақсатын;

o Күтілетін қорытындысын;

o Жобаның мақсатына жету үшін өткізілетін шаралар;

o Қандай серіктестермен жобаны іске асырғыңыз келетіні жайлы.

Біз сіздердің ақпараттарыңызды сайтымызға орналастырамыз, сонымен бірге сіздердің ақпараттарыңызды Европа мемлекеттеріндегі өзіміздің серіктестерімізге жолдаймыз. Олар оны өздерінің сайттарына орналастырады, және біздің ұсыныстарымызды университеттерге ұсынады. Сонымен қатар, бізді Ақпараттық Күндеріне қатысуға Европа мемлекеттеріне шақырады, біз ол жерде өзіміздің ұсыныстарымызды таныстырамыз.

Еске сала кететін жағдай:

• Серіктестерді алдын ала іздестіру керек. Мысалы, біздің германдық серіктеріміз Европалық комиссия өтініш қабылдар мерзімінен бір ай бұрын ұсыныстарын жіберуді сұрайды. Конкурс жарияланғаннан бұрын жобаларыңыз дайын болғаны дұрыс. Мысалы, 2009 жылы конкурс қаңтар айының аяғында жарияланды, жобаларды ұсыну – 28 сәуірде.Европалық Ұлттық Байланыс отделі өздерінің Ақпараттық күндерін қаңтардан бастап өткізеді. (АК өткізу графигін мына сайттан тбуға болады: www.ec.europa.eu/tempus. Сол себепті, әрбір жылдың соңында біздің ұсынысымыз дайын болуы қажет.

• Ұсыныстарыңызды шет тілдердің бірінде ұсыну керек. (ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі).

ТЕМПУС ЖОБАЛАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

Темпус жобаларының мониторингіне аса көңіл бөлінеді. Жыл сайын Европалық Комиссияның Білім және Мәдениет жөніндегі Атқарушы Директорының бекітуімен, ТҰО өткізілетін шаралар жоспары ұсынылады. Ережеге сәйкес, ТҰО жобалардың мониторингін басталғаннан бастап, алты ай өткен соң ғана жүргізеді.

ТҰО координаторы Европа комиссиясы атынан барлық Темпус жобаларына мониторинг шаралар бөлімі ретінде мониторинг визит өткізеді – жобаны уақытында және сәтті жүзеге асуына, мақсатқа жетуіне себептігін тигізу В процессе мониторинга изучаются следующие вопросы:

• Жобаны жүйелі іске асыру

• Жобаның тұрақты жүзеге асу күші

• Университеттің дамуына әсер ету күші

Сонымен қатар, жобаның мақсаты мен спецификасына қарай, ескертулер мен ұсыныстар, алдыңғы мониторинг кезіндегі, Европалық комиссияның ұсынылған аралық есептеріне қарап, ережеге сай, бірнеше сұрақтар тізбесі ұсынылады. Олар әр мемлекеттің сұраныстарына сәйкес, жаңа оқу материалына, оқу бағдарламасының жүзеге асу үрдісінен бастап, оқытушылар қайта даярлау шараларына, берілген білімді тарату тәжірибесінен кейінгі қорытындыларға, жобалар тәжірибелерін серіктес мекемелерге және өз ішінде таратуға байланысты туындайтын сұрақтар. Жыл сайын Казахстандағы Темпус бағдарламасының ұлттық офисі (ТҰО) 4-5 жобаға мониторинг жүргізеді. Бұл ұлттық (бір серіктес мемлекет арас ындағы) и мульти-мемлекеттік (бірнеше серіктесмемлекеттер қатысуымен) жоба болуы мүмкін. Мульти-мемлекеттік жобалар мониторингі, жоба жүзеге асып жатқан мемлекеттің Темпус Офисінің координаторымен бірге өткізіледі.

ЭРАСМУС МУНДУС – Шетелде білім алу степендиясы – магистр дәрежесін алуға ерекше мүмкіндік беретін степендия

ЭРАСМУС МУНДУС қандай бағдарлама?

Бұл бағдарлама Европа Одағына мүше мемлекеттер мен біздің мемлекет арасындағы мобильділікке арналған бағдарлама.

Бағдарлама:

• Жоғары сапалы магистр бағдарламасын жүзеге асыруға көмек көрсетеді. (Эрасмус Мундус магистерлі программ к бағдарламасы), әрбіреуі әлемнің барлық студенттеріне арналған Европа университеттерінің консорциумымен бірге жүзеге асырылады;

• студенттер үшін кез-келген Европа университеттерінде жоғары сапалы магистр бағдарламасына стипендиялар (гранттар) ұсынады.

Неліктен бағдарлама ЭРАСМУС МУНДУС деп аталған?

Эразм Роттердамский, Дезидерий (1469-1563) бүкіл ғұмырын, жалпы ақылдылық, даналық концепциясын таратуға арнады, оны жалпы адамдарды түсіну кілті деп есептеді.

Гуманист, филолог, жазушы, Эразм көп саяхаттады, білім алды және Франция, Англия, Италия, Щвецария мен Бельгияда сабақ берді. Сол себепті Европалық студентік мобильділік бағдарламасын, атақты Европалық ғалымның атымен атады. Эрасмус гранттары арқылы 1987 жылдан бастап миллионнан астам Европалық студент Европаның мемлекеттерінде білім алуға мүмкіндік алды. 2004 жылдан бастап студентік мобильділік бағдарламасын әлемнің басқа мемлекеттеріне таратуды шешті. Жаңа бағдарламаға ЭРАСМУС МУНДУС деген ат берілді (МУНДУС латын тілінен аударғанда «бейбітшілік» дегенді білдіреді).

ЭРАСМУС МУНДУС степендиясын кім иелене алады?

Әлемнің әр мемлекетінің азаматтары (Европа мемлекеттерінен басқа), жоғары білім алған дипломы бар (бакалавриат) егер білім алу құжаты мен жақсы оқу жетістігі көрсеткіші жақсы болса.

Степендияға не енеді?

ЭРАСМУС МУНДУС степендиясы жол ақысына және Европада оқу кезінде тұру мен оқуға жеткілікті. 2004-2008 жылдары осы бағдарлама бойынша 7 мыңдай студент өз мүмкіндіктерін сынап көрді, және күннен күнге степендия иеленушілердің саны артуда.

Степендияны қалай иеленуге болады?

Өздерін қызықтырған студенттер таңдаған мамандық бойынша оқытуды ұйымдастыратын консорциумға тікелей өтініш береді. Мұны келесі сілтемелер бойынша орындаңыз:

• Өзіңізді қызықтырған академиялық мамандықтарды тауып, шерітпені басыңыз. Сіз европалық академиялық бағдарламалар тізімін қарап, өзіңізге қажетін тауып алыңыз. Берілген бағдарламалар тізімінен өзіңізге қажетін таңдаңыз. Сіз әрбір бағдарламаның өз сайты бар екенін және өтініш беру ережелері бар екенін көре аласыз. Сізге керегі- өтініш беру.

• Өтініш беру формасымен және қабылдау ережелерімен мұқият танысыңыз.

НЕГЕ ЭРАСМУС МУНДУС?

Сіз бакалавриат бағдарламасын тамандадыңыз немесе жоғары білім туралы диплом алдыңыз. ЭРАСМУС МУНДУС бағдарламасының степендиясын алудың он себебі:

1. Европаның ең атақты жоғары оқу орындарынан сапалы білім алу;

2. Европа университететтерінің әр түрлі мықты жақтарын көрсететін, білім беруде теориялық және тәжірибелік әдістері қолданатын, біріккен оқу бағдарламаларымен білім алу;

3. Ауқымды академиялық пәндер мен инновациялық пәнаралық курстарға қатысуға мүмкіндік алу;

4. Сіздің мансабыңыз бен докторлық дәреже алуыңызға септігін тигізетін, ресми мойындалынған екі немесе біріккен дәреже алу;

5. Европаның жоғары оқу орындарының тәжірибесімен танысу, кем дегенде европаның өзге екі мемлекетімен;

6. Өз қалауыңыз бойынша, европалық екі тілді жетік білу мен көптілділік ортада тіл меңгеруіңізді жетілдіресіз (бірақ оқу бағдарламасы көбіне бір тілде ғана ұйымдастырылған);

7. Европа университететтері ұсынатын, қонақжайлылық пен қызмет көрсету сапасын пайдалануға үлкен мүмкіндігіңіз бар;

8. Мәдениет пен менталитет әсерінен өз тәжірибеңізді кеңейтуге, әлемнің түкпір-түпкірінен курстастармен қатынас жасауға үлкен мүмкіншілік бар;

9. ЭМ ұйымының түлектері арқылы әлемнің түкпір-түпкірімен ұзақ та, сенімді, жекелеме және кәсіби байланыстар орнату.

10. Әлемдік еңбек нарығында, ғаламдық еңбек нарығында өз біліміңізбен және өз күшіңізге деген сеніміңізбен бәсекеге түсе аласыз.

 

Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады:

МЕМЛЕКЕТІМІЗДЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҰСЫНА АЛАДЫ:

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті:

Адрес: Павлодар қаласы, 140008

Ломова көшесі 64, 438 каб.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

тел/факс. +8 7182 67-36-25

Сайт: www.tempuskaz.kz

Электрондық адрес: