Халықаралық қызметте үздік табыстармен айрықша мәнді болған 2009 жыл тағы бір ерекше жетістікпен есте қалды — «CCUSA» жазғы алмасу бағдарламасының ресми демеушісі біздің университетімізге сертификатты ұсыну арқылы өз алғысын білдірді. Сертификатты ұсыну жемісті ынтымақтыстықтың 10-жылдығына орайластырылды. Осы мерзімнің ішінде ПМУ студенттеріне «АҚШ-тағы жұмыс тәжірибесі» мен «АҚШ лагеріндегі тәрбиешілер» атты бағдараламаларға қатысуға мүмкіндік берілді. Сертификат ұйымның бас офисінде (Саусалито қаласы, Калифорния шт., АҚШ) басылды және ұйымның вице-президенті Мелисса Амес Холл қол қойды.

«CCUSA» ұйымының 20 жылдық қызмет ету тәжірибесі бар және әлемнің 60 мемлекетінен қатысушылар саны 200 мыңнан асады.