Қазақ әдебиеті секторы 

2010 ж. 1 наурызынан бастап, оқу залы мен кітаптарға еркін кіруге болатын абонемент қызметін атқаратын қазақ әдебиеті секторы жұмыс жасай бастады.

Оқырмандарға 15 000 мың данадан астам қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттер, «Жұлдыз», «Жалын», «Таң Шолпан» және т.б. көркем-әдеби журналдарының бірнеше жылғы басылымы және т.б. фольклор бойынша, әдебиеттану мен тіл білімі бойынша әдебиеттер ұсынылған.

Қазақ әдебиеті секторы сондай-ақ қазақ әдебиеті классиктерінің көркем шығармаларын ана тілінде оқу аясында өтіп жатқан «Қазақша кітап оқиық» акциясының орталығы болып табылады.

Қазақ әдебиеті секторының жұмыс уақыты оқырмандарымызға қолайлы, біз өз оқырмандарымызды сенбі мен жексенбіден басқа күнделікті 10.00 - 18.00 сағат аралығында күтеміз.