Үнді мемлекеті 2013-2014 оқу жылына Мәдени қатынастар бойынша Үнді кеңесінің Бас мәдени стипендиялық бағдарлама шеңберінде үнді университеттерінде оқу үшін стипендия бөлгенін жариялайды. Стипендиялар бакалавр, өнер/ғылым магистрі дәрежелерін алуға және докторантура/докторантурадан кейін зерттеулерге, әлеуметтік ғылымдарды, өнердің орындау түрлерін және гуманитарлық ғылымдарды оқу үшін бөлінеді.

Стипендия алатын үміткерлер Үндістанда жоғары білім алу үшін ағылшын тілін жақсы меңгеру керек.

Сайысқа қатысу мақсатында үміткерлер туралы толық ақпарат беретін, оның білімі, нақты пәні, курсы және университеті жайында мәлімдеме толтырып (6 дана) Үндістан елшілігіне 2013 жылдың 31 қаңтарына дейін жіберу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық басқармасына хабарласыңыз (Бас оқу корпусі, 438 кабинеті), тел 67 36 25.