Cәулет-құрылыс факультетінің оқу залы 

Абонемент және оқу залының қорларында факультет саласы бойынша негізгі анықтамалық және оқу әдебиеттері жинақталған. Оқу залы 50 орынға арналған. Қорды 12000 данаға жуық кітап және құрылыс ісі, дизайн, сәулет бойынша мерзімдік басылымдар құрайды.

Кітапхана барлық мамандықтар бойынша оқытушыларға, магистранттар мен студенттерге дифференциалды қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.