Тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаменті

Ашенов Қайрбай Еркенұлы

 

Тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаментінің негізгі міндеттері:

    • департаменттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың уставы бойынша және сапа менеджмент жүйесінің құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі таңда және болашақ бағытта мамандарды даярлау үшін, қажеттілікті алдын-ала болжау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, мамандықтарға лицензия алу;
    • әлеуметтік және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалап және басқарып отыру, университеттің бөлімшелеріндегі тәрбие жұмыстарына басшылық жасау;
    • ағымдағы және күнделікті жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
    • мамандарды сапалы дярлау мониторингі;
    • кураторлар тәжірибесін жинақтау, студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қолданылатын жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу;
    • университеттің ғылыми кеңесінің шешімі мен ректораттық, ректор мен проректорлардың стратегиялық жоспарларын дер мезгілінде әрі сапалы жүзеге асырып отыру, есеп беретін құжаттарды, және ағымдық ақпараттарды даярлау;
    • қазіргі таңның талабы бойынша департамент мамандарының біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру;
    • тәрбие жұмыстарына нәтижелі басшылық жасау, университетте берілетін білімдік қызметінің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ететін менеджмент жүйесінің бағыттарын дамыту;
    • тәрбие процесінің сапалы болуы үшін әлеуметтік және тәрбие жұмыс департемантінің қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, мотивация жүйесінде және ішкі жағдайды қолайлы ортада қалыптастыру;
    • тәрбие ісіне қатысушылардың белгілі бір нәтижеге жетуін қамтамасыз ету;
    • университет (имидж) мәртебесін қалыптастыру және оны қолдау;

Тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаментінің атқаратын қызметтері:

  • университеттің жұмыс жоспары мен даму концепцияларын іске асыру мен жобалауға қатысады.
  • жоспардың жүзеге асуын ұйымдастырады, университеттің мерекелік шаралар жоспарын, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің сапаға байланысты мақсаттарын және саясатын, университеттің Ғылыми кеңесі мен ректораттың шешімдерін, ректор мен проректорлардың стратегиялық жоспарлары бойынша тапсырмаларын, әлеуметтік және тәрбиелік жұмыстарда, ағымдық ақпараттар мен есеп беру құжаттарын даярлау;
  • университеттің тәрбие істерінің жүзеге асуын қадағалау, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің сапа менеджмент жүйесін талап ету;
  • тәрбие істерінің ағымдық және алдағы кезеңдерде істерін жспарлауда ұйымдастыру;
  • тәрбие жұмыстары келесі бағыттарда ұйымдастырылады: отансүйгіштік, интернационалдық, құқықтық, эстетикалық, экологиялық, денсаулық бағыттары бойынша;
  • жалпыуниверситеттік мерекелік щараларды даярлау;
  • студенттердің өзін-өзі басқару ісін ұйымдастыру;
  • белгілі даталар мен мейрамдарға арналған мерекелік шараларды ұйымдастыру;
  • топ кураторларының семинар оқуын ұйымдастыруға қатысу;
  • кураторлар кеңесіне басшылық жасау;
  • университеттің әлеуметтік-психологиялық паспортын жасау:
  • «Баянтау» демалыс үйінің, емдеу бөлімінің, мұражайдың, студенттер филармониясының және Студенттер үйінің жұмысын бағыыттап отыру;
  • әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етуге қатысу;
  • студенттер үйіндегі студенттердің тұрмыс-жағдайын бақылау;
  • студенттердің демалыстарын ұйымдастыру: дискотекалар, үйірме жұмыстарын, шығармашылық жұмыстарға қатысуын, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық фестивльдар мен жарыстарға қатысу;
  • студенттер арасында құқықтық, заңды әрекеттерді қадағалап, бақылап отыру;
  • факультет, кафедралар мен бөлімшелердегі тәрбие жұмыстарын үйлестіріп отыру;
  • факультетте жүргізілген тәрбие жұмыстарын талдап отыру;
  • университетте жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелілігіне баға беріп, анализ жасау, мониторинг жүргізу.

 

Департамент жүйесі

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі

Студенттер филармониясы

Қоғамдық даму орталығы

«Сұнқар» спорт клубы

№1, №2 Студенттер үйі

Қоғамдық тамақтандыру орындары

Студенттік клуб

Мұражай кешені

Денсаулық пункті

Байланыс мәліметтері:

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64