Оқу жұмысы

2014-2015 оқу жылы бойынша Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінде күндізгі және сыртқы форма бойынша 484 студент, 37 магистрант,12 докторант білім алады. Студенттердің үлгерімі 2 % артты. Мамандықтар бойынша ПОӘК және МОӘК жинақталған, факультеттің барлық мамандықтары бойынша оқу бағдарламалары құрастырылған және жұмыс берушілермен келісілген, сонымен бірге модульдік бағдарламалар жаңартылған.

Бакалаврлар мен магистранттарды сапалы теориялық дайындау жұмыстары жүргiзіледі және бұны үлгерiм деңгейi куәландырады: 2012 -2013ж.ж. - 92%; 2013-2014ж. ж. – 94%.

Түлектердi жұмысқа орналастырудың пайызы тұрақты шегiнде қалып отыр, 2013 ж. – 92%; 2014 ж. -100%.