БАКАЛАВРИАТ

Құжаттарды қабылдау мерзімі және шарттары

20 маусым-01 шілде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
20 маусым-0шілде Шығармашылық мамандықтарға өтініш қабылдау.
08 шілде-13 шілде Шығармашылық емтихандар.
20 маусым-14 тамыз  Арнайы емтихандарға өтініш қабылдау (педагогикалық мамандықтар).
20 маусым-14 тамыз  Арнайы емтихан (педагогикалық мамандықтар ).
01 маусым-20 маусым  Кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау.
14 шілде-18 шілде  Кешенді тестілеу.
18 шілде-26 шілде Мемлекеттік білім беру гранттар сайысына құжаттарды қабылдау .
25 шілде-03 тамыз  Кешенді тестілеуді қайта тапсыруға өтініштерді қабылдау.
15 тамыз-19 тамыз  Кешенді тестілеуді қайта тапсыру.
20 маусым-25 тамыз Жоғары кәсіби білім негізінде құжаттарды қабылдау.
10 тамыз-25 тамыз  ПМУ-ға студенттер қатарына қабылдау.

Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы 10-25 тамыз аралығында өткізеді. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі  құжаттары  бар түлектерді  оқуға қабылдау үшін қажетті ең кемінде – 50 балл (жоғары кәсіптік білімнен басқа), оның ішінде  негізгі  және бейінді пәндерінен кемінде 5 балл.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін  -  ең кемінде 25 балл, оның ішінде негізгі пәннен және  бейінді пәннен кеімнде  5 балл. 

 

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу

Мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысуға өтінішті қабылдау мерзімі – 18 шілдеден 26 шілдеге дейін.

ҰБТ және кешенді тестілеуді өткен түлектер, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға және ЖОО қабылдану үшін келесі құжаттарды тапсырады:

1) қабылдау туралы өтініш;

2) жалпы орта (жалпы орта білім) туралы құжат (түпнұсқа);

3) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің мемлекеттік сертификаты;

4) 3*4 көлеміндегі 6 фотосурет;

5) медициналық анықтама (086-У нысаны) нарко-, психдиспансер мөрімен + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру(түпнұсқа), екпе картасының көшірмесі;

6) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді);

7) тіркелген куәлігінің көшірмесі (ер балаларға) күндізгі оқыту формасына;

8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

9) бауы бар папка, конверт.

Кешенді тестілеуге қатысу

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеу төрт пән бойынша өткізіледі:

- мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі),

- Қазақстан тарихы,

- математика,

- таңдау пәні.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа) + 2 көшірме;

3) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі;

6) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді);

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) тіркелген куәлігінің көшірмесі (ер балаларға) күндізгі оқыту формасына;

9) бауы бар бума, конверт.

Мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысуға өтінішті қабылдау мерзімі – 18 шілдеден 26 шілдеге дейін. 

Кешенді тестілеуді қайта тапсыруға қатысу үшін қабылданушы жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына  арнайы нысан бойынша бекітілген бланкіде өтініш, жалпы орта білім туралы аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сонымен қатар ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификатын тапсырады. 

Қосымша кешенді тестілеуге  қатысу үшін шартты түрде қабылданған студент жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына  арнайы нысан бойынша бекітілген бланкіде өтініш, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек тапсырады.

 

Кешенді тестілеуге төлеу үшін банк реквизиттері:

Талапкерлердің кешенді тестілеу бағасы 2242 теңгені құрайды «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлімшелерінде 

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК. Төлем абитуриенттің өз атынан жасалуы тиіс.

010011 Астана қ., Жеңіс пр., 60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК НSBKKZKX  

КБЕ 16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 

 

Педагогикалық мамандық түсушілер бір арнайы емтихан тапсырады.

Педагогикалық мамандықтарға арнайы емтихан тапсыратын түлектердің өтініштері қабылдау 20-маусымнан 18-тамызға шейін қабылдау комиссиясында қабылданады.

5В010300 Педагогика және психология Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В011400 Тарих Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиет Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В011800 Орыс тілі мен әдебиет Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В011900 Шетел тіл: екі шет тілі Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В012000 Кәсіби оқыту Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В010900 Математика Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят

Шығармашылық мамандықтар

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 7 шілде аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы жүргізеді. Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Мектеп түлектері  мен колледжден кейін ұқсас емес  мамандықтарға түсушілер үшін   -  әр мамандық бойынша шығармашылық емтихандар көлемі - 2. Әрбір шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл саны - 40.  Әрбір шығармашылық емтихан бойынша 15 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін тестілеудің  мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі:  оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихы. 

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін   - 1 шығармашылық емтихан,

Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл саны - 20.  

Шығармашылық емтихан бойынша 5 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Шығармашылық мамандыққа түсетін тұлғалар үшін бейінді пәннен тестілеу нәтижелері есепке алынады.

 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің шығармашылық мамандықтар тізбесі

ШифрМамандықтар атауыМамандыққа бейімдейтін пәнТаңдау бойынша пән
5В010600 Музыкалық білім 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В040200 Аспапта орындаушылық (тек музыка колледжінің түлектері үшін) 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В050400 Журналистика 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В010800 Дене шынықтыру және спорт 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В042000 Сәулет 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В042100 Дизайн 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан

Мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысуға өтінішті қабылдау мерзімі 23 шілдеден 31 шілдеге дейін.

Жоғары кәсіптік білім негізінде (екінші жоғары білім) құжаттарды қабылдау

С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға екінші жоғары оқу орнына құжаттарды қабылдау 1 маусымнан  25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) қабылдау туралы өтініш;

2) диплом қосымшасымен (тұпнұсқа) + 2 көшірме;

3) 3*4 көлеміндегі 6 фотосурет;

4) медициналық анықтама (086-У нысаны) нарко-, психдиспансер мөрімен + көшірме;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) бауы бар папка, конверт.

ЖОО-ға қабылдау коммиссия өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

 

ЖОО-ға қабылдау үшін қажетті құжаттар

1) ректордың атына өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің мемлекеттік сертификаты;

4) мемлекеттік білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлік (бар болса);

5) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі;

7) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді);

8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

9) тіркелген куәлігінің көшірмесі (ер балаларға) күндізгі оқыту формасына;

10) ақылы түрде оқитын талапкерлерге келісім шарт;

11) талапкердің жеке картасы;

12) бауы бар бума, конверт.

Білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарының білім беру туралы құжаттары, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру, біліктілігі расталған білім беру құжаттары бар және мамандығы бойынша кем дегенде бір жыл кәсіби тәжірибесі бар адамдар, қосымша келесі құжаттардың бірін тапсырады.

13) Еңбек кітапшасы;

14) жұмыс берушінің қолы қойылған, тиісті түрде мөрмен куәландырылған (егер бар болса) қызмет тізімі (қызметкердің еңбек қызметі жұмысы туралы ақпарат тізімі), 

15) қызметкердің қызметі туралы ақпаратты қамтитын мұрағаттық анықтама

* Шартты түрде қабылдануға үміткер түлға қабылдау комиссиясына өтінішке қоса жалпы орта білім туралы немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы құжат (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, кешенді тестілеудің немесе кешенді тестілеуді қайта тапсырған сертификатын тапсырады.  

Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған тұлғаларға куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнынына қабылдану жөнінде өтініш білдіреді және ректорының бұйрығымен жоғары оқу орнының студенттер қатарына қабылданады


Жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және мамандандырулардың тізімдемесі.

С. ТОРАЙҒЫРОВ атындағы ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ – бұл көп салалы жоғары оқу орны. Мемлекеттік және орыс тілінде әр түрлі бағытта күндізгі және сырттай оқу түрінде, толық (жалпы орта білім беру негізінде) және қысқартылған (техникалық және кәсіптік білім және жоғары білім негізінде) оқу бағдарламаларымен жоғары кәсіби білімді мамандарды дайындайды.

Университет құрамындағы 9 факультет жұмыс істейді:

  • FOUNDATION ФАКУЛЬТЕТІ
  • ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
  • МЕТАЛЛУРГИЯ, МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК ФАКУЛЬТЕТІ
  • СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ
  • МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
  • ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
  • ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
  • ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
  • АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Код Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы 1 Пән 2 Пән
Бакалавриат мамандықтары
1. Білім
5В010300 Педагогика және психология Биология География
5B010600 Музыкалық білім шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан
5B010700 Бейнелеу өнері және сызу шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан
5B010800 Денешынықтыру және спорт шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан
5В010900 Математика Математика Физика
5B011400 Тарих Тарих География
5B011700 Қазақ тілі мен әдебиеті Білім алу тілі мен әдебиеті Тарих
5B011800 Орыс тілі мен әдебиеті Білім алу тілі мен әдебиеті Тарих 
5B011900 Шетел тілі: екі шетел тілі Шет тілі Тарих
5B012000 Кәсіптік оқыту Математика Физика
2. Гуманитарлық ғылымдар
5B020300 Тарих Тарих География
5B020400 Мәдениеттану Шет тілі Тарих
5B020500 Филология Білім алу тілі мен әдебиеті Тарих
5B020700 Аударма ісі Шет тілі Тарих
5B020800 Археология және этнология Тарих География
5B021000 Шетел филологиясы: ағылшын тілі Шет тілі Тарих
3. Құқық
5B030100 Құқықтану Тарих Адам. Қоғам. Құқық
4. Өнер
5B040200 Аспаптық орындаушылық шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан
5B042000 Сәулет шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан
5B042100 Дизайн шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан
5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
5B050200 Саясаттану Шет тілі Тарих
5B050300 Психология Биология География
5B050400 Журналистика шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан
5B050600 Экономика Математика География
5B050700 Менеджмент Математика География
5B050800 Есеп және аудит Математика География
5B050900 Қаржы Математика География
5B051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару Математика География
5B051100 Маркетинг Математика География
6. Жаратылыстану ғылымдары
5B060100 Математика Математика Физика
5B060200 Информатика Математика Физика
5B060300 Механика Математика Физика
5B060400 Физика Математика Физика
5B060600 Химия Химия Физика
5B060700 Биология Биология Химия
5B060800 Экология Биология География
5B060900 География География Математика
7. Техникалық ғылымдар және технологиялар
5B070100 Биотехнология Биология Химия
5B070200 Автоматтандыру және басқару Математика Физика
5B070300 Ақпараттық жүйелер Математика Физика
5B070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Математика Физика
5B070800 Мұнай газ ісі Математика Физика
5B070900 Металлургия Математика Физика
5B071200 Машина жасау Математика Физика
5B071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар Математика Физика
5B071600 Аспап жасау Математика Физика
5B071700 Жылу энергетикасы Математика Физика
5B071800 Электр энергетикасы Математика Физика
5B071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар Математика Физика
5B072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы Химия Физика
5B072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы Химия Физика
5B072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) Математика Физика
5B072700 Азық – түлік өнімдерінің технологиясы Биология Химия
5B072900 Құрылыс Математика Физика
5B073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру Математика Физика
5B073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі Математика Физика
5B073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология Математика Физика
5B074500 Көлік құрылысы Математика Физика
8. Ауылшаруашылық ғылымдары
5B080100 Агрономия Биология Химия
5B080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы Биология Химия
5B080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы Биология География
9. Қызмет көрсету
5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру Математика География
5В090200 Туризм География Шет тілі
5В090500 Әлеуметтік жұмыс География Шет тілі

 

  - ауыл квотасы
     

 

С.Торайғыров атындағы ПМУ мамандықтарына 2018 жылғы межелік өту балдары (күндізгі оқу бөлімі)

 

Мамандық Жалпы Ауыл
Шифр Аталуы қаз. орыс. қаз. орыс.
1 5B010300 Педагогика және психология 117 А-116 109 111
2 5B010600 Музыкалық білім 116 112 115 109
3 5B010700 Бейнелеу өнері және сызу 115 115 114 111
4 5B010800 Денешынықтыру және спорт О-111 О-110 119 111
5 5B010900 Математика 107 101 101 92
6 5B011400 Тарих 126 104 120 95
7 5B011700 Қазақ тілі мен әдебиеті А-110 - 103 -
8 5B011800 Орыс тілі мен әдебиеті - 109 - 99
9 5B011900 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын тілі) 119 109 112 А-94
10 5B012000 Кәсіптік оқыту 84 56 74 55
11 5B020300 Тарих 112 96 - -
12 5B020400 Мәдениеттану 112 111 - -
13 5B020500 Филология: қазақ тілі 120 - - -
14 5B020524 Филология: орыс тілі - 99 - -
15 5B020700 Аударма ісі 120 115 - -
16 5B020800 Археология және этнология 108 97 - -
17 5B021000 Шетел филологиясы: ағылшын тілі 120 А-115 - -
18 5В030100 Құқықтану  130 125    
19 5В040200 Аспапта  орындаушылық 113 116    
20 5B042000 Сәулет 117 117 - -
21 5B042100 Дизайн 118 118 - -
22 5B050200 Саясаттану 115 113 - -
23 5B050300 Психология 122 121 - -
24 5B050400 Журналистика 118 118 118 А-115
25 5B050600 Экономика 126 127 А-120 114
26 5B050700 Менеджмент А-124 127 - -
27 5B050800 Есеп және аудит А-127 А-129 А-122 119
28 5B050900 Қаржы 128 131 - -
29 5B051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару А-125 123 119 119
30 5B051100 Маркетинг 121 А-124 - -
31 5B060100 Математика 106 71 - -
32 5B060200 Информатика 84 71 - -
33 5B060300 Механика 68 53 - -
34 5B060400 Физика 86 54 - -
35 5B060600 Химия 52 62 - -
36 5B060700 Биология 103 89 - -
37 5B060800 Экология А-100 90 - -
38 5B060900 География А-103 98 - -
39 5B070100 Биотехнология А-111 102 104 83
40 5B070200 Автоматтандыру және басқару 108 97 - -
41 5B070300 Ақпараттық жүйелер 111 103 96 71
42 5B070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 103 95 - -
43 5B070800 Мұнай газ ісі 97 93 74 60
44 5B070900 Металлургия 73 53 - -
45 5B071200 Машина жасау 78 69 - -
46 5B071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар 98 88 87 62
47 5B071600 Аспап жасау 77 82 - -
48 5B071700 Жылу энергетикасы 99 101 80 66
49 5B071800 Электр энергетикасы 111 111 99 83
50 5B071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар А-115 101 101 60
51 5B072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 50 79 - -
52 5B072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 50 54 - -
53 5B072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) 79 65 - -
54 5B072700 Азық–түлік өнімдерінің технологиясы 100 89 95 А-71
55 5B072900 Құрылыс 107 105 90 А-77
56 5B073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру 79 80 - -
57 5B073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі 101 90 89 69
58 5B073200 Стандарттау және сертификаттау (салалар   бойынша) 109 101 - -
59 5B074500 Көлік құрылысы 83 61 65 58
60 5B080100 Агрономия 88 70 79 58
61 5B080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы 86 65 79 52
62 5B080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы 89 86 85 85
63 5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру 113 117 107 97
64 5B090200 Туризм 94 109 - -
65 5B090500 Әлеуметтік жұмыс 91 104 82 92

 

Ескерту:       А - "Алтын Белгі" иегерлері; О - олимпиада жеңімпаздары; С - спорттық жарыс жеңімпаздары; Ғ - ғылыми жарыс жеңімпаздары, ДБҰ-дербес білім беру ұйымдары

Шығармашылық мамандықтар бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В010600 Музыкалық білім мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В040200 Аспапта орындаушылық мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В050400 Журналистика мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В010800 Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В042000 Сәулет мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В010700 Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В042100 Дизайн мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

 

конец faq

С. Торайғыров атындағы ПМУ қош келдіңіз!!!
Біздің мекенжайымыз: Павлодар қ., Ломова к., 64, Біздің сайтымыз: www.psu.kz
Қабылдау комиссиясы:  А-111, А-113 каб., тел. (8-7182) 673773, 673774, +77073673773
Дайындық курстары: Ак. Шөкин к-сі, 139, 202 каб., тел.: 8(7182) 67-36-50