Факультеттің тәрбиелік жұмысы

Тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар 6 бағыт бойынша өткізіледі:

1. Патриоттық тәрбие;

2. Құқықтық тәрбие;

3. Спорттық-сауықтыру тәрбие;

4. Рухани-эстетикалық тәрбие;

5. Экология-өлкетанушылық тәрбие

6. Еңбек тәрбиесі;

7. Мәдени тәрбие.

Шетелдік білім алушыларды бейімдеу бағдарламасына сәйкес «Білімнің кілті кітапта» ұранын алға ала отырып, алған білімдерін ұштастырып, санада да білімді ұрпақ тәрбилеу университеттің кітап қорымен таныстырылды (2018 ж. 18.10).

Павлодар қаласы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген «Кітапхана түні – 2018, кітаптар сиқыры» іс шараға қатысып, тыңдаушылар тілдік, психологиялық бейімделуден өтті (2018 ж. 26.10).  

Факультеттің өткен жылдардағы түлектері тыңдаушыларды жаңа ортаға жылы қабылдау, факультет қызметкерлерімен жақын танысу мақсатында «Тыңдаушылар қатарына қабылдау - 2018» мерекелік іс шарасын ұйымдастырылды (2018. 27.10).

Патриоттық тәрбие беру мақсатында тыңдаушылардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – тірегім» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды (2018.12.12).

2019 жыл – Жастар жылы деп жариялануына байланысты тыңдаушылардың бойындағы білімді, талантты ашу үшін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің шетелден келген тыңдаушыларын қонаққа шақырып, «Жұлдызды сәт» зияткерлік ойынында екі университеттің тыңдаушылары өзара бақ сынасты (2019ж. 22.02).

Халықаралық әйелдер күніне арнап, анаға, әйел адамға деген сый-құрметін, алғысын білдіру мақсатында тыңдаушы ұлдар мерекелік концерт ұйымдастырды (2019 ж.05.03.)

Университетіміздің тарихымен таныстырып, студенттер өміріне бейімдеу мақсатында барлық мұражай кешендерін аралады (2018ж. 30.10)

«Foundation» факультетінің даярлық бөлімінің 5 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды (2018 ж. 29.11).

Сонымен қатар, Қазақстанда ортаға бейімдеу мақсатында факультетішілік, университетішілік түрлі іс шаралар, мерекелік концерттер, Торайғыров атындағы облыстық кітапхана шеңберінде өткізілген көптеген поэзия кештеріне, Ж. Аймауытов атындағы драма театрының рухани жетілу қойылымдарына көптеп тәңті болды.