Ақпараттық-библиографиялық үрдістерді компьютерлендіру бөлімі

Академик С. Бейсембаев атындағы Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-библиографиялық үрдістерді компьютерлендіру бөлімі (әрі қарай – ҒК АБҮКБ) Ғылыми-библиографиялық бөлім мен ақпараттық-библиографиялық үрдістерді комьютерлендіру секторын қосу мақсатында 2015 жылы құрылды. Бөлім кітапхана бөлімшелерінде компьютерлік техниканы енгізу және пайдалану, автоматтандырылған кітапханалық жүйені қолдау, қызметкерлерді үйрету және электронды каталогтың жұмыс істеу жағдайын жасауды іске асырады. Сонымен қатар, ҒК АБҮКБ кітапхана пайдаланушыларына электронды және дәстүрлі ақпараттық-библиографиялық, анықтамалық ресурстар негізінде университеттің мақсаты мен міндеттеріне бағытталған ғылыми, оқу және тәрбие жұмыстарына ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді.

Бөлім міндеттері:

• Негізгі кітапханалық үрдістерді кешенді түрде автоматтандыру, электронды кітапхананы пайдалану және қызмет көрсету үшін ақпараттық инфрақұрылым жасау.

• Қазіргі заманғы электрондық технологияларды қолдану арқылы пайдаланушыларға жедел түрде ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.

• Электрондық ресурстар қорын дамыту (сатып алу, сандық түрге ауыстыру).

• Ақпараттық-библиографиялық құралдар шығару.

• Ақпараттық-іздеу аппаратын және («Мақалалар» БДБ, «ПМУ ғалымдарының еңбектері» ДБ) деректік базасын сапалы түрде жүргізу.

• Бөлім қызметін факультеттермен, кафедралармен үйлестіру.

 

Бөлім қызметі:

• виртуалды анықтамалық қызметпен жедел түрде ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету;

• құжаттарды электрондық жеткізу (ҚЭЖ);

• құжаттық қор жөнінде жүйелі түрде ақпараттандыру (Ақпарат күндері, жаңа әдебиеттерді виртуалды байқауы, «Жаңа кітаптар» бюллетені);

• библиографиялық тізімдер құрастыру;

• aқпараттарды электрондық тасымалдауыштарға көшіру.

Пайдаланушыларға еркін кіруге рұқсат етіледі:  

а) ПМУ Ғылыми кітапханасының электрондық ресурстарына:

• 1) Библиографиялық деректік базаларына:

• «Диссертациялар» БДБ диссертациялық еңбектер мен диссертация авторефераттарының қорын көрсетеді;

• «Кітаптар» БДБ кітапхананың құжаттық қорын көрсетеді (кітаптар, кітапшалар, электрондық және мультимедиялық құжаттар);

• «Мақалалар» БДБ мерзімді және жалғасты басылымдардың мазмұны туралы ақпарат береді, соның ішінде «ПМУ ғалымдарының еңбектері жайында да).

• 2) Толықмәтінді деректік базасына:

• ПМУ ғалымдарының еңбектері.

• Студенттік электрондық кітапхана (СЕК)

Жұмыс істеу мекен-жайы: http://library.psu.kz

Деректеме тілі: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі 

Кіру : кез келген компьютерден

 

б) Қашықтықтағы ақпараттық ресурстарға:

•  Республикалық жоғары оқу орны аралық электрондық кітапхана (РЭЖАК) (қазақстандық авторлардың ғылыми еңбектерінің, мақалаларының толықмәтінді ДБ)

Жұмыс істеу мекен-жайы: http://lib.kazrena.kz

Деректеме тілі: қазақ тілі, орыс тілі және неміс тілі

Кіру: ЖОО аумағында

Бірегей электрондық кітапхана

Жұмыс істеу мекен-жайы: www.elibrary.kz

Деректеме тілі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және неміс тілі

Кіру: ЖОО аумағында

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ (ҰҒТАО) Thomson Reuter және Springerlink ғылыми-электрондық басылымдарына Ұлттық лицензия шеңберінде ақысыз негізде енуге рұқсат етілуі туралы келісімшарт жасалған.

• Thomson Reuters www.thomsonreuters.com

• Springerlink, Ұлттық лицензия шеңберінде ақысыз негізде рұқсат етілген.

• БД www.polpred.com. ООО «ПОЛПРЕД Анықтамалар». Кітапханалар үшін ақысыз рұқсат етілген. 

• Санкт-Петербург. «Лань» Баспасы.» электронды-кітапханалық жүйесі – ол «Лань» баспасы кітаптарының электрондық нұсқасын және басқа да алдыңғы қатарлы баспалардың оқу әдебиеттер мен техникалық, гуманитарлық ғылымдар бойынша мерзімді басылымдардың электрондық нұсқаларын енгізетін ресурс.

в) Бөлімнің библиографиялық басылымдарына:

  ПМУ хабаршысы. Журнал мазмұнының көрсеткіші 2011-2014 жж;

• ПМУ ҒК кітаптарының жылнамасы=Ежегодник книги НБ ПГУ;

• ПМУ ғалымдарының еңбектері. Библиографиялық көрсеткіштер сериясы (Павлодар, 2014 …);

• С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Знание», «Білік» газеттерінің көрсеткіші (Павлодар, 2010);

• Библиотечноное дело Павлодарского Прииртышья: библиографический указатель (Павлодар, 2012);

Библиографиялық көрсеткіштер сериялары:

• ПМУ ғалымдары;

• Бұрынғы ойшылдар (Ж.. Баласағұн, М. Қашғари, М.-Ж. Көпейұлы);

• Павлодар-Ертіс өңірінің әдебиеті мен өнері=Литература и искусство Павлодарского Прииртышья.

 

г) Дәстүрлі және электронды тасымалдауыштардағы анықтамалық-библиографиялық қорға:

• әмбебап, тақырыптық және салалық энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар;

• мультимедиялық энциклопедиялар;

• библиографиялық көрсеткіштер:

• «Видеотека» және «Фонотека» коллекциялары;

• Қазақ және еуропа тілдерін оқып-үйрену бойынша жасалған бағдарламалардың лицензияланған сөздік-аудармашыларының коллекциясы.

  

д) Дәстүрлі каталогтарға (каталогтар залы): 

• Алфавиттік каталог: Каталог жеке авторлардың кітаптарының сипатнамасынан және алфавит бойынша қойылған жинақтардың атауларынан тұрады. Алфавиттік каталог бойынша кітапханада кітаптың барын не жоғын білуге болады.

• Жүйелік каталог Кітапхана қорын мазмұны бойынша ашады. Тақырып бойынша жалпы, не шағын сұрақтар бойынша жұмыстарды алуға болады. Құжаттардың индекстелуі «Кітапханалық-библиографиялық жіктеу» және «Жан-жақты жіктеу» кестелерінің негізінде жасалады. Жүйелік каталогтардың барлық бөлімдері жіктеу тәсілі бойынша бірінен кейін бірі орналасқан. Авторлар мен кітап атаулары алфавитті түрде қойылған:

- кітаптар (қазақ, орыс тілдерінде);

- шетел тілдеріндегі бейімделмеген әдебиеттер;

- электронды тасығыштардағы құжаттық ресурстар (Медиатека)

Жүйелік каталогқа терминдердің және ұғымдардың алфавитті-пәндік көрсеткіштері (АПК). АПК – жүелік каталогқа кілт. Терминдер мен ұғымдардың алфавиттік тізімінен және жүйелік каталогтың салалық бөліміне сілтегіштен тұрады.

 

Бөлім қызметкерлері

 

Супрунова Т. В. - бөлім меңгерушісі

Бораналинова А.Қ. - біліктілігі жоғары деңгейлі, жоғары санатты библиограф

Қайсина Г.Қ. - біліктілігі жоғары деңгейлі, жоғары санатты библиограф

Баженова А.Е. - біліктілігі жоғары деңгейлі, жоғары санатты кітапханашы

Қамзина К.Ш. - біліктілігі жоғары деңгейлі, 2 санатты кітапханашы

Мұхамединова С.Б. - біліктілігі жоғары деңгейлі, 2 санатты кітапханашы

Мұхтанова М.А. - біліктілігі жоғары деңгейлі кітапханашы 

Амантаева Б.К. - біліктілігі жоғары деңгейлі кітапханашы 

Капашева Р.М. - - Инженер-программист