Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) Дүниежүзілік Банкпен бірге Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын жүзеге асырғалы жатыр.  

Қазақстан орташа табыс көлемі мен энокомикалық ресурстарға бай елдердің тізімінде айтарлықтай елеулі жоғары мамандандырылған ҒЗТКЖ әлеуетімен және адами капиталымен алдыңғы қатарда тұр. Негізгі табиғи ресурстарға пайдалы қазбалар (мұнай, газ, қара және түсті металл), сондай-ақ, ауылшаруашылық жерлер жатады. 

Жаһандық және жергілікті экономиканың құбылмалы әлеуетіне қысқа мерзімді тәуелділігіне қарамастан, Қазақстанның орташа әлеуеті оң бағаланады. Оның негізінде қзақ мерзімге жоспарланған «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген мұнай өндіру секторының кеңеюі және құрылыстық реформалар жатыр. 

Стратегияда 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына және 10-15 жыл ішінде білім экономикасына ауысу қарастырылған. Мемлекет соңғы бес жылда бірнеше сәтті жобаларды іске асырудың нәтижесінде негізгі бағытын шикізатты дамыту саласынан индустриалды инновацияларды қолдауға және шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ауыстырды.      Стратегияда баяндалған құрылымдық реформалар, мемлекеттегі басты өндірістік факторлар – адам капиталы, инфраструктура және иституттардың сапасын арттыру арқылы даму мен әртараптандыруға қол жеткізіп,  әлемдік бәсекеге қабілетті болу арқылы мемлекеттің білім экономикасына ауысуға құлықтығын көрсетеді. 

Стратегияда үкіметтің жеті басым бағыты айықша аталып көрсетілген. Соның ішінде ғылыми әлеуетті арттыру да көзделген. Ғылымды қаржыландыру үш пайыздық ЖІӨ негізінде ғылыми әлеуетті арттыру, ТШИ арқылы білім мен технологияларды трансферттеу және Ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) тиімділігін арттыру  мақсатында жоспарланған. Өндірістік инновациялар экономиканың барлық салаларын қоғаммен тиімді әрі берік байланыстыратындықтан, дамудың негізгі факторы болып саналады. Қазақстанның қазіргі экономикасының даму қарқыны әлемдік жаңа технологияларды эконмикаға тиімді етіп өзгертуге және мемлекеттің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін шектейтіндіктен, контекстті түсініп, инновацияларды қолдану аса маңызды болып табылады. Сондықтан, дамудың қазіргі сатысында бейімделу мен әлемдік білім мен тәжірибені тиімді қолдану, ең үнемді әрі ұтымды шешім болып тұр. Бұл инновациялық әлеуетті экономика мен қоғамның барлық салаларында инновациялық бәсекелестік мәдениетті қалыптастыратындай дәрежеге дейін арттыратын болады. 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨНІМДІ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖОБАСЫ

2016 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Парламенті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Даму және Қайта Құру банкінің арасында жасалған қарыз алуға байланысты келісімді ратификациялады.   

Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің ортақ жобасы басты ұлттық инновациялық жүйенің институттарының әлеуетін арттыруға, инновациялық жобалар мен технологиялық стартаптарды қолдау іріктеу және нарықтық таңдау механизмін енгізуге, сондай-ақ, жеке секторларды қатыстыруға ынталандыруға бағытталған.  

 

ЖОБА МАҚСАТЫ

Жоба мақсаты – жоғары сапалы, мемлекет үшін аса маңызды зерттеулерді ынталандыру және технологияларды коммерцияландыру. 

Жоба 5 құрамдас бөліктен тұрады:

1. Инновациялар үшін білім базасын дамыту.

2. Инновациялық консорциумдар.

3. Технологияларды коммерцияландыру циклын шоғарландыру.

4. Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) және қолданыстағы институционалдық құрылымдардың әлеуетін арттыруды үйлестіруді нығайту.

5. Жобаның жүзеге асуын қолдау.

Жоба аясында коммерциялық әлеуеті бар жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жасауды көздеген ғылыми топтарды қаржыландыру мақсатында 3 гранттық бағдарлама жүргізіледі және PhD студенттеріне де қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, ғылым, өндіріс пен мемлекеттің күшін біріктіре отырып, нарық пен өндірістің талабына ҚИИД МБ-ны іске асыруға тартылған жоғары оқу орындарының және Назарбаев Университетінің ДБҰ негізінде консорциум құру жоспарланған.   

Алдыңғы тезнологиялық стартап компанияларға тартылған инвестициялардың тиімділігін көрсету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі негізінде келісімдер легін басқару мен технологиялар мен инновациялық идеяларды коммерциялық инвестициялық жобалар қалпына келтіру үшін венчурлық қоры  қалыптасады. Сонымен қатар, қазақстандық технологияларды дамыту мен Қазақстанда жаңа технологияларды тауып, қолданысқа енгізу мақсатында шетелде трансферт кеңсесінің құру жоспарланып отыр.

«Өндірістік инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру уақыты - 5 жыл, 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін.

 

АҒҚТ және КҒҚТ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 

Грант бағдарламасы бойынша аға ғылыми қызметкерлер (АҒҚТ) мен кіші ғылыми қызметкерлер (КҒҚТ) топтарына арналған технологияларды коммерцияландыру конкурсы "Өнімдік инновацияны ынталандыру" жобасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің ғылым Комитетімен  өткізілді.   

Грант бағдарламасының мақсаты технологиялық инновацияларды коммерцияландыруды қолдау болып табылады.

 

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру - бұл қызмет ҒЗТКЖ практикалық қолданумен байланысты,оған зияткерлік меншік нәтижелерін қоса алғанда, жаңа немесе жетілдірілген тауарларды нарыққа шығару мақсатында, табыс табуға бағытталған процестер мен қызметтер де кіреді.

 

"ЭКОСТРОЙНИИ-ПВ" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ 

 

№APP-SSG-17/0290P КІШІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУШЫ

"ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ӨНДІРІСІНДЕ   ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ  ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАТТЫ ТЕХНОГЕНДІК ҚАЛДЫҚТАРЫН   ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ"

 

140000, Павлодар қ., Толстой к., 99, 316 офис

Тел. +7-705-198-2155

БИН 170740031553

e-mail:

 

Кіші жоба жетекшісі

"ЭкостройНИИ-ПВ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Сәулет-құрылыс факультетінің  «Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Арынгазин Қапар Шәкімұлы

 

Байланыс телефондары:

Павлодар қ., Толстой к.99, 211, 316 каб.

моб. +7-705-198-2155, 8-(7182)-314341 

 

КІШІ ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында  құрылыс саласының дамуы өсуде. Бұл құрылыс материалдарының үлкен сұранысқа ие болуын көрсетеді, бірақ оларды шығарғанда энергетика мен металлургия өндірістерінің қалдықтары  ешқайда қолданылмайды. Мысалы, Еуропада өндірістік қалдықтарының 70 % астамы қайта өнделеді. Қазақстанда жыл сайын 20 млн. тоннадан астам күл-күйінді қалдықтар пайда болады. Олар аумақтардың экологиясына өте зиян әсерін тигізеді. Біз ЖШС "Атамура" базасында  864 ш.м. барлық инженерлік инфрақұрылымы бар ғимаратында  құрылыс материалдарды (жиек тас, жаяужол плиткасын және қуыс кірпіш) күл-күйінді қалдықтарды пайдаланып жасауға арналған тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті  құруды ұсынамыз. Қазіргі кезде жоба тобы бокситті шламмен күл-күйінді қалдықтарды пайдаланып, құрылыс бұйымдарды жасап, сынақтан өткізді. Сынақтар бұйымдардың көрсеткіштері стандарттарға сәйкестігін дәлелдеді. Барлық бұйымдардың нормаларға сай деген сертификаттар мен хаттамалары бар

Біздің серіктестіктің артықшылығы Павлодар кәсіпорындарының қалдықтарын пайдаланып құрылыс материалдарды жасауға арналған инновациялық технологиясы болып табылады. Осының нәтижесінде бәсекешілірмен салыстырғанда бұйымдардың өзіндік құны 20-30% төмендейді.

Біздің өнімдердің тұтынушылар аумағының құрылыс ұйымдар болып табылады. Әр өнімнің сату көлемі 15 мын тоннадан асады.

Жобаның жүзеге асыру нәтижесінде шығару өнімнің ассортиментін кеңейту, жаңа технологиялық жабдықтарды орнату және біздің технологиямызды басқа аумақтардың ұйымдарға сату жаңа лицензиялық келісімдерді жасаужоспарланады.

Біз өзіміздің отандық брендті "made in Kazakhstan" ("Біздің өнімді сатып алғанда Сіздер Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне үлес қосасыз!") ұранымен оны жылжытуға  тырысамыз.

 

КІШІ ЖОБАНЫ ОРЫНДАУШЫЛАР

  

БІЗДІҢ ӨНІМ

 

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

«Атамұра»  ЖШС ҚК 

Директор -  Рамазан Газизұлы Керимбаев

 

КІШІ ЖОБАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

Хабарландыру - Қоғамдық тыңдаулар

ЖШС «ЭкостройНИИ-ПВ» «Жиек тас, жаяужол плиткасын және қуыс кірпіш шығаратын шеберхана ғимаратын цех ретінде қайта жабдықтау» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуін бағалауымен ашық отырыс нысанында қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарлайды.

Қоғамдық тындаулары 2017 жылдың 21 қыркүйегі күні келесі мекенжайда өткізіледі: 140000, ҚР, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, А-2 аудиториясы, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің бас корпусының дәрістік блогі. Қоғамдық тыңдаудың басталуы 17:00.

Қатысушыларды тіркеу уақыты сағат 16.45 басталады.

Жобамен қағаз түрінде Павлодар қ., Толстой к., 99 үй, ЖШС «ЭкостройНИИ-ПВ» 316 офисінде немесе 211 кабинетінде танысуға болады. 

Жоба материалдарын электрондық түрде эл. мекенжайынан сұрауға болады. 

Анықтама тел: +7-705-198-2155, 8-701-570-4381.

 

  • Техническое задание на проект ОВОС к рабочему проекту: «Переоборудование здания бывшей мастерской под цех по выпуску бордюрного камня, тротуарной плитки и пустотелого кирпича» [Толығырақ]
  • План управления мероприятиями по охране окружающей среды (Приложение 6 к Соглашению о гранте) [Көру]
  • Протокол общественных слушаний в форме открытых собраний по проекту «Переоборудование здания бывшей мастерской под цех по выпуску бордюрного камня, тротуарной плитки и пустотелого кирпича» [Көру]