Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі келесі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша:

1) Энергетика және машина жасау;

2) Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар; Өмір және деңсаулық туралы ғылымдар;

3) Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер;

4) «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер);

5) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялылық белгісінсіз) және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Осы талаптарға сәйкес шығарылған құжаттар мен материалдар 2017 жылдың 02 қазанға дейін Ғылими зерттеулерді коммерциализациялау бөлімінде қабылданады (А-233А каб. 12-35 ішкі).

Конкурсқа кіруді жүктеңіз [Толығырақ]