С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 17 қарашасында «ІX Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер (жетекшісімен бірге) шақырылады.

Конференция материалдары жинағында жариялау үшін мақаланы 2017 жылдың 25 қазанына дейін жауапты хатшының электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Мақала мен тіркеу парағы бір хатпен жіберілуі керек және мақала авторының фамилиясымен аталуы тиіс (бірлесіп жазған жағдайда бірінші фамилия жазылады). 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс контактілері: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, 

С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі (А-238а кабинеті), тел.: 8 (718-2) 67-36-83 (ішкі: 11-12, 11-14), ұялы тел. 8 705 409 10 26.

Конференцияға қатысуларыңыз, келулеріңіз және қонақ үйге өтінімді 2017 жылдың 25 қазанына  дейін хабарлауыңызды сұраймыз. 

Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен. [Толығырақ]