2018-2019 оқу жылы «Foundation» факультетімен келесі жұмыстар атқарылды:

2018-2019 оқу жылы «Foundation» факультетімен келесі жұмыстар атқарылды:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған дайындық бөлімі:

Бөлімше 2014 жылдың қазан айында ашылды (ҚР БҒМ №383 бұйрығы 18.09.2014 ж.). 2018–2019 оқу жылында 77 тыңдаушы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды. Аталған бөлімнің мақсаты – шетел азаматтарын Қазақстандағы өмірге бейімдеу, олардың ҚР ЖОО-на түсуге дайындау.

Бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқыту ҰБТ тапсыру үшін қажетті пәндер бойынша (математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы және таңдаған болашақ мамандығына байланысты бейіндік пәндер) өткізілді, сондай-ақ қосымша қазақ, орыс және ағылшын (2 кредит) тілдерін оқыту енгізілді.

2019 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша тыңдаушылардың 75 %-ы білім гранттарына ие болды.

2) ҰБТ және кешенді тестілеу пәндері бойынша мақсатты дайындық:

«Foundation» факультетінің ақылы дайындық курстарында 727 адам білім алды (оның ішінде 533 қала мектептері оқушылары мен колледж түлектері, 194 ауылдық (қарқынды каникулдық курстар). 181 адам мемлекеттік білім гранттарына ие болды.

3) Базалық сыныптарда бейіндік оқыту:

2018-2019 оқу жылында «Foundation» факультетінде 10 сыныптың 18 оқушысы және 11 сыныптың 14 оқушысы бейінді дайындықтан өтті. Бітіру емтихандарын тапсырғаннан кейін 11 сыныптың 11 түлегіне химик-зертханашы, 3 түлегіне сызушы біліктілігі берілді.

4) Шет тілдер курстары.

«Foundation» факультетінде тілдік курстар 2013 жылдың қазан айынан бастап жүргізіледі. 2018–2019 оқу жылында курстарға 24 тыңдаушы жазылды. Оқу құны университеттің бухгалтериясымен есептеледі және 21000 теңгені құрайды. Оқуды аяқтағаннан кейін курсты сәтті игергендердің барлығына деңгейі көрсетілген курстан өткендігі туралы сертификаттар берілді.

2018–2019 оқу жылында жалпы контингент 866 адамды құрады. 2019 жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша 240 талапкер ЖОО-ға, оның 148-і С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға оқуға түсті.