Құрметті білім алушылар!
Эрасмус+ бағдарламасы бойынша Лодз техникалық университетіне (Lodz university of technology) (Польша) 2018-2019 оқу жылының күзгі семестрінде оқу үшін Сәулет, Биотехнология, Информатика, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалаумен қамтамасыз ету, Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Машина жасау мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері және Биотехнология, Информатика, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалаумен қамтамасыз ету, Машина жасау мамандықтарының 1 курс магистранттары арасында конкурс жарияланады.
Қабылданатын білім алушының саны: 1
Пәндер тізімін сілтемеден көре аласыз.
Өтініштер 2018 жылдың 08 маусымына дейін қабылданады.
Конкурста қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В1-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.
Конкуста қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: Application Form - 1 өтініші, Learning Agreement таңдаған пәндер тізімімен, ағылшын тілінде мотивациялық хат, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан), декан факультетінің және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыныс хаты.
Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).