«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, Оператор – «Ғылым Қоры» АҚ, 2018 жылға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – өтеусіз және қайтарымсыз негізінде ұсынылатын, бюджеттік және (немесе) бюджеттен тыс қаражат есебінен экономиканың басым секторлары шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын (ары қарай - Жоба) жүзеге асыруға арналған гранттар бөлу.

Конкурстық өтінімдер 2018 жылдың 18 маусымынан 1 тамызына дейін e-cloud.asia сайтындағы электронды өтінімдерді қабылдау жүйесі арқылы қабылданады.

[Конкурстық құжаттары]