Құрметті білім алушылар! Студенттерге қызмет көрсету орталығында оқу төлемі бойынша жеңілдік алуға өтінімдер 25.01 дейін қабылданады.


Оқу төлеміне жеңілдіктер алу үшін қажетті құжаттар тізімі

1. Өтініш

2. Транскрипт

3. Жеке бас куәлігінің көшірмесі

4. Ата-аналарының қайтыс болуы туралы куəліктің көшірмесі, қамқорлыққа алушылық туралы шешім, ата-аналық құқығынан айыру туралы шешім (жетім балалар үшін)

5. Мүгедектік туралы анықтама (мүгедектер үшін)

6. Туу туралы куəлік, ата-аналарының біреуінің қайтыс болуы туралы куəліктің көшірмесі немесе АХАЖ-дың бөлімінен анасының айтуымен жазылған əкесінің жазбасының анықтамасы, ата-аналардың біреуін ата-аналық құқығынан айыру туралы шешім (бір ата-анасы бар білім алушылар үшін)

7. Ата-аналарының мүгелектігі туралы анықтамалардың көшірмелері, студенттің туу туралы куәлігі (ата-аналары мүгедек білім алушылар үшін)

8. Отбасы құрамы туралы мекен жайы орнынан анықтама (көп балалы отбасы үшін)

9. С. Торайғыров атындағы ПМУ-де оқитын барлық студенттердің жеке бас куәлігінің көшірмелері, оқу орнынан анықтама, отбасы құрамы туралы мекен жайы орнынан анықтама (ақылы оқитын бір отбасының студенттері үшін (барлық оқу нысаны, 22 жасқа дейін), ата-анасының қамқорлығындағы студенттер)

10. Университеттің кадрлер бөлімінен анықтама (ата-аналары университет қызметкерлері болған жағдайда).

ӨТІНІМДЕР НҰСҚАЛАРЫ