Құрметті кәсіпкерлер! 

 

 С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универсиетті "ломов көш, 64 мекенжайы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті аймағында 500 орынға жатақхана құрылысы" жобасы бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жеке кәсіпкерлік субъектілерін серіктестікке шақырады.

 

Объектінің қысқаша сипаттамасы: 

жобалық қуаты - 500 орын;

мақсаттық бағытталуы – студенттердің тұруы үшін;

қабаттар саны – 5 қабат;

жалпы ауданы – 7030,4 ш.м.

орналасуы - Ломов көш.,64

құрылыс мерзімі – 10 ай

құрылыс бағасы шамамен 1,4 млн.теңге

жатақхананы пайдалануға тапсыру жоспарланған жер телімі:

кадастрлық нөмірі – 14-218-017-1710;

бөлінушілігі – бөлінетін;

мақсаттық бағытталуы – жатақхананы құру және қызмет ету;

ауданы – 0,7930 га;

орналасуы – Ломов көш.,64, Ак.Шөкин көш., 139

 

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:

Құрылыстың жоспарланған басталу мерзімі - 2019 жылдың сәуірі, құрылыс периоды шамамен 12-14 ай. Жобаны потенциалды инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарланған.

Шығындарды қайтару көзі: ҚР "Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы" Заңының 9-бабының 2-тармағының 3 және 4-і. т. сәйкес, инвестициялық және оперативті шығындардың өтемақысы.

 

Мемлекеттік қолдау шаралары:

ҚР "Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы" Заңының 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, жер тілімін студенттерді жатақханамен қамту бойынша МЖС келісімшартының мерзіміне сәйкес уақытша қолдануға ұсынылады.

Толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірлері бойынша алуға болады: 8 (7182) 673706

 

Жемісті серіктестікке үміттенеміз!