Кафедраның құрылу тарихы

“Қазақ филологиясы” кафедрасы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 1996 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 1997-2007 жылдар аралығында кафедраны басқарған — ф.ғ.д.,проф. Қуандық Пазылұлы Жүсіп. 2008 жылдан бастап кафедра меңгерушісі — ф.ғ.д., проф. Нартай Қуандықұлы Жүсіпов.

Кафедра құрамы: ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов, ф.ғ.д., профессор Қ.П.Жүсіп, ф.ғ.д., проф. А.Қ.Тұрышев, ф.ғ.к., қауымд. профессор  (доцент)  Е.Қ.Жүсіпов,  ф.ғ.к., проф. Р.М. Мүтәлиева, ф.ғ.к., проф. М.Н.Баратова, ф.ғ.к., проф. Б.М.Қадырова, ф.ғ.к., проф. Г.Т.Кәріпжанова, ф.ғ.к., қауымд. профессор  (доцент) А.О.Кәріпжанова,  аға оқытушы, магистр Р.О. Жұманбаева, аға оқытушы, магистр А.О. Абдырова,  аға оқытушы, магистр Г.К.Шахажанова,  аға оқытушы, магистр Л.Т.Нұргалиева, оқытушы (ассистент), магистр А.А.Юн. 
 

.

 

 

Кафедра басшылығы

Жүсіпов Нартай Қуандықұлы — С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

«ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы» атты докторлық диссертациясын 10.01.09- фольклортану мамандығы бойынша 2006 жылдың 26 мамырында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.53.34.01. Диссертациялық кеңестің мәжілісінде сәтті қорғап шықты.

Нартай Қуандықұлы — «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы» (Павлодар, 2003), «Қазақ фольклортану ғылымы: ХХ ғасырдың бірінші жартысы» монографияларының, «Мәшһүр Жүсіп — фольклорист» (Павлодар, 1999), «Мәшһүр Жүсіп және фольклор» (Павлодар,1999) оқу құралдарының, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының 20— томының жауапты редакторы. Ғылыми еңбектерінің жалпы саны — 300-ден астам. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, М.Ж.Көпейұлының 160 жылдығына орай «Хандар», «Билер», «Батырлар» кітаптары жарық көрді.

 

 

 

 Кафедра жетістіктері

2017-2018 оқу жылында кафедра оқытушылары шығарған монографиялар саны: Томсон Рейтерс журналында – 19; Импакт-фактормен – 29; Скопус – 12; Хирша индексімен – 7; Комитет (ЖАК) тізбесіне енгізілген басылымдар – 48; Республикалық журнал – 10; Шетелдегі халықаралық конференциялар – 24; Қазақстан Республикасы аумағындағы халықаралық конференциялар – 160; Республикалық конференциялар – 71; кітаптар – 36; монографиялар – 12; оқу құралдар – 10 жарық көрген.

Белгілі қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 20 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, М.Ж.Көпейұлының 160 жылдығына орай «Хандар», «Билер», «Батырлар» кітаптары жарық көрді. Томсон Рейтерс журналында- мақала жарияланды. Кафедра оқытушылары ғылыми мақақаларын республикалық, халықаралық деңгейдегі конференцияларда, ЖАК бекіткен журналдар мен шетелде басылып шығатын журналдардағы барлық мақалалардың саны – 229. ЖАК басылымында – 50, шетелде шыққан мақалалар – 80, мемлекеттік тілдегі мақалалар саны – 277.

Кафедра оқытушылары 2018-2019 оқу жылында жарыққа шығарған оқулықтар мен әдістемелік жинақтар саны –26.

Кафедра оқытушылары студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Республикалық, халықаралық конференцияларда жарық көрген магистранттардың ғылыми мақалаларының саны – 65, студенттердің ғылыми мақалаларының саны – 65-дан асады.

Жыл сайын кафедра оқытушылары біліктілік арттыру курстары мен семинарларына әрдайым қатысып, біліктіліктерін арттырып отырады. 2018-2019 оқу жылында кафедра оқытушылары төмендегідей біліктілік курстарына қатысты: «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасы: «ХХ ғасырдың ақпараттық білім беру технологияларына кіріспе»; «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер»; «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар педагогикалық қызметтің ресурсы ретінде», «Заманауи педагогикалық технологиялар», «Орта білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұнының бағдарламасы бойынша оқыту».

Кафедра мектептермен тығыз қарым-қатынас орнатып, олармен жыл сайын бірлесе жобалар ұйымдастырады. Мысалы, Павлодар қаласындағы №22 ЖОББ мектебімен «Мектеп – жоғары оқу орны жүйесіндегі заманауи үздіксіз білім берудің басылымдықтары» атты келісімшарт жасалып, «Мектепте қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту» тақырыбы бойынша мектеп мұғалімдеріне ғылыми семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

2016 жылы кафедраның қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А.О. Кәріпжанова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

2017 жылы кафедраның профессоры, ф.ғ.д. А.Қ.Тұрышев «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

 

Мамандықтар

Бакалавр

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

5В020500 - Филология:қазақша

Магистратура

6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

6М020500 - Филология:қазақша

Докторантура

6D020500 - Филология: қазақша

 

Кафедра меңгерушісінің қабылдау күні – жұма.

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64 үй, 324 каб., тел.: 8(7182) 673631 (1255)

 

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Үздік түлектер

Оқу - әдістемелік жұмыс

Материалдық- техникалық базасы.

Тәрбие жұмысы

Ғылыми- зерттеу жұмысы

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Сертификаттар

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығымен орталық

Аккредитеттеу сертификаты