Құрметті студенттер!

Global UGRAD 2019-2020 бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі-2018 жылғы 31 желтоқсанның 17.00-ге дейін (Астана уақытымен).

Студенттік алмасудың халықаралық бағдарламасы (Global UGRAD) – бұл Global UGRAD бағдарламасына қатысу аяқталғаннан кейін студенттерге жоғары білім туралы диплом алғанға дейін кемінде бір семестр білім алу шартымен Қазақстанның жоғары оқу орындарының күндізгі бөлім студенттеріне арналған АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім беру және мәдени бағдарламалар Бюросының бағдарламасы. Бағдарлама барлық қазақстандық жоғары оқу орындары мен барлық мамандықтардың студенттері үшін ашық. Барлық қатысушылар ашық конкурс негізінде іріктеледі.

Global UGRAD бағдарламасы студенттерге мүмкіндік береді:

- 1 академиялық семестр бойы АҚШ Университетінде немесе колледжінде дәреже алмай оқудан өту;

- Құрама Штаттарда мәдени және білім тәжірибесін алу;

- өз білімі мен дағдыларын кеңейту, сондай-ақ американдық мәдениет пен құндылықтарды білу.

Студенттің міндеттері

- Үміткерлер жоғары мотивацияға ие болуы және академиялық жұмыс, қоғамдық жұмыстар мен сыныптан тыс іс-шаралар арқылы көшбасшылық қасиеттерін көрсетуі тиіс

- Бұл бағдарлама оқуды аяқтағаннан кейін академиялық дәреже бермейді, сондықтан Студенттер Global UGRAD бағдарламасы бойынша оқу кезінде алған кредиттерді есепке алу мәселесі бойынша өз бетінше жауап береді.

- Студенттер бағдарлама барысында 20 немесе одан да көп сағат қоғамдық жұмысқа арнауы тиіс • Бағдарламаның финалистері, мысалы, АҚШ тарихы, АҚШ әдебиеті, өнер, немесе Америка үкіметі саласында кем дегенде бір курсқа тіркелуге міндетті болады.

- Қабылдаушы университет пен Global UGRAD бағдарламасының академиялық талаптарына сәйкес келмеуі (үлгермеушілік, орындалған тапсырмаларды ұсынбау және сабаққа қатыспау) Global UGRAD бағдарламасынан шығаруға әкеп соқтыруы мүмкін. Қатысушылар ең төменгі 2,0 GPA үлгерімді сақтауы тиіс.

TOEFL тестілеу

Екінші турға өткен қатысушылар TOEFL ресми емтиханын тапсырады. Тестілеуге байланысты барлық шығындарды АҚШ-тың Астанадағы елшілігі өтейді.

Бағдарламаға қатысуға өтінім пакеті

1. Толтырылған онлайн-сауалнама;

2. Мотивациялық және тақырыптық эссе. (эссе сұрақтары сауалнамада көрсетілген);

3. Паспорттың көшірмесі;

4. Университетте оқыған жылдарындағы ағылшын тіліне аударылған академиялық транскрипт (студент өз бетімен аударылған транскриптті қоса алады);

5. Екі ұсыныс хат (ағылшын тіліне аударылған).

Өтініш берушінің сауалнамасы қатысушының жеке жұмысын көрсетуі тиіс. Плагиат сіздің жеке жұмысыңыз ретінде басқа автордың тілін, ой-пікірлерін және идеяларын алу. Студент сауалнамаларында немесе эсседе плагиаттың кез келген түрі бағдарламаға қатысудан дереу шеттетуге негіз болып табылады.

Global UGRAD бағдарламасына жіберу үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз www.worldlearning.org/ugrad