Былтырғы жылдың соңында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2018-2020 жылдарға арналған «Саналы ұрпак» фронт-кеңсесі жобасы аясында адалдық алаңы құрылды.

Бұл жерде сатушылар жоқ. Кофе немесе шай алғысы келетін адам ақшаны арнайы боксқа салып кетеді.

Бүгінде адалдық алаңы студенттер, оқытушылар мен ЖОО қызметкерлері арасында сұранысқа ие. Ал иденың өзі жағымды сипатқа ие.

Жобаның басты мақсаты – жағымды моральдық тәрбие арқылы қоғам мүшелерін адалдыққа байлып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

Алаңдағы сенімді орта студенттік жастарға өздерін тәрбиелі азамат және адал адам болуды тәрбиелеуге сеп болмақ.