Құрметті студенттер!

Студенттерге қызмет көрсету орталығында (СҚКО)  білім алу үрдісінде босаған магистратура және бакалавриат вакантты гранттарды тағайындауға өтініштер қабылданып жатыр. Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні - 2020 жылдың 5 қаңтары сағат 18:00.


Ақылы нысандағы студенттерге байқауға қатысу үшін СҚКО-ға келесі құжаттарды ұсыну керек:

• байқауға қатысу туралы ректор атына жазылған өтініш

• транскрипт (қол және мөрмен расталған)

• жеке бас куәлігінің көшірмесі

Байқау межелік аттестациялаудың нәтижелері бойынша GPA үлгерімнің орташа балына негізделіп өткізіледі. GPA `Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж) бірдей болған кезде, тек қана А, А- (өте жақсы), одан соң А, А- (өте жақсы)-дан В+, В, В-, С+ (жақсы) дейін, одан соң аралас бағаларға ие білім алушы алдыңғы қатарды болады. 

Үміткерлердің өтініштері білім беру бағдарламалары тобы, оқудың формасы мен мерзімі бойынша оқуға түскен жылын ескере отырып қарастырылады да, универсиетттің Ғылыми кеңесіне қарастырылуға ұсынылады. Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша үміткерлердің болмаған жағдайында, вакантты білім беру гранттары дайындық бағдары немесе білім беру саласы ішінде жіктелінеді.

Жүктеу:

• Тізбе

• Ереже