Құрметті студенттер!

Ағылшын тілінде оқытылатын жаратылыстану-ғылыми пәндерінің (физика, химия, биология және информатика)мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалал тобы бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсы жарияланды.

Конкурсқа «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Ауыл шаруашлығы және биоресурстар» и «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» білім беру салалары бойынша 1 және 2 курс аяқтаған және білім алуды жалғастыруды қалаған тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін шетел тілін меңгергендікі туралы сертификат болуы қажет: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, өту баллы – 59-дан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, өту баллы – 5.0-ден кем емес), оқу үлгерімінің орташа баллы (GPA - Grade Point Average - Грейт Пойнт Эверейдж) 2,67 баллдан кем емес. Аталған сертификаттары жоқ білім алушылар шетел тілі (ағылшын) бойынша тест тапсырады, өту баллы максималды баллдан 50 пайыздан кем емес болуы қажет. Шетел тілін (ағылшын) білу бойынша тестілеу базалық ЖжЖКББҰ-ның ҰТО-да 12 тамызға дейін өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау Студенттерге қызмет көрсету орталығында 2019 жылдың 7 тамызына дейін жүргізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша деканатқа хабарласыңыз.