Экономика және қаржы департаментінің білім алушылар контингентінің кіріс пен қозғалыс бөлімі С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып саналады және экономика мен қаржы департаментінің директоры – бас бухгалтерге бағынады.

Бөлім келесі негізгі міндеттерді атқарады:

  • Перспективалы және ағымдағы жоспарда мамандарды даярлау, білім алу үшін тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби өсуіне бағытталған қажетті жағдай жасау;
  • Студенттер контингентінің қозғалысы мен қарыздылығын бақылау үшін қажет ақпаратты дайындау;
  • Студенттер контингентінің қозғалысына бақылау жасау;
  • Студенттер, магистранттар, докторантармен түсіндіру жұмысын жүргізуді іске асыру;
  • Кірісті есептеу және ай сайын дебиторлық және кредиторлық қарызды төлеуді қамтамасыз ету.

Бөлім келесі функцияларды атқарады:

  • Факультеттермен қоса келісім-шарт бойынша шығындарды өтейтін әр студенттің құжаттарын дайындау;
  • Факультет бойынша білім алушыларды мамандықтар, курс, оқу формасы бойынша уақытында есепке алу;
  • Білім алушылардың контингенті бойынша банк бойынша түсетін ақшалай құралдарды уақытында есепке алу;
  • Қабылдау комиссиясы кезінде ақылы білім беру қызметтерін көрсету келісім-шарттарын дайындау;
  • Білім алушылардың контингенті бойынша оқуға алу және оқудан шығару жөніндегі бұйрықтарды өндеу;
  • Университет басшылығы үшін анықтама, есеп және басқа материалдар түрінде ақпарат беру;
  • Бөлімге оның функцияларына қатысты түсетін сұраныс, хаттар бойынша уақытында жауап дайындау.

Бөлім қызметкерлері:

Мұқашева Ажар Дулатқызы - Білім алушылар контингентінің кіріс пен қозғалыс бөлімінің бастығы. Еңбек өтілі - 7 жыл, соның ішінде ПМУ-де - 5 жыл.

Шепотатьева Екатерина Сергеевна - жоғары категориялы, біліктілігі жоғары деңгейлі бухгалтер. Еңбек өтілі - 8 жыл, соның ішінде ПМУ-де – 8 жыл.