Құрметті «ХХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы қатысушылары! Қатысқандарыңыз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз!

Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты, конференцияны сырттай форматқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Секциялық отырыстардың модераторлары баяндамамен сөз сөйлеуді жоспарлап отырған, тіркеу кезінде көрсетілген қатысушылардың қабылданған мақалаларын бағалайды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, лицейлердің, гимназиялардың оқушыларын бағалау орта білім беру мектептерінің оқушыларынан бөлек болады.

Модераторлар 2020 жылдың 10 сәурінен 30 сәуірі аралығында жұмыс істейтін болады.

Секциялық отырыстардың қорытындысы 2020 жылдың 15 мамырына дейін жарияланады.

2020 жылдың 15 мамырынан бастап жинақтарды, сертификаттарды, дипломдарды, алғыс хаттарды конференцияға қатысушылардың оқу орнына немесе жұмыс орнына дейін пошта арқылы жіберу жоспарлануда.

Карантин аяқтағаннан кейін, Павлодар қаласында тұратын барлық қатысушылар С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратынының 233б кабинетінен жинақтарды, сертификаттарды, дипломдар мен алғыс хаттарды ала алады.

Жинақтардың электрондық нұсқалары QR коды бойынша жүктеу үшін және университеттің басты бетінде www.psu.kz сілтемесі бойынша қолжетімді болады.