Құрметті студенттер мен басқа да мүдделі тұлғалар

«Технологиялық болжаудың ұлттық орталығы» Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшілігінің қолдауымен Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университеті (Абу-Даби, БАӘ) студенттерді магистрлік және докторлық бағдарламалар бойынша, «Машиналық көру» және «Машиналық оқыту» мамандықтары бойынша қабылдайтындығын хабарлайды.

Стипендиялық бағдарлама оқуға, ай сайынғы шәкіртақыға, тұруға, медициналық сақтандыруға және басқа да жеңілдіктерді 100% өтеуді қамтиды. Негізгі талаптар осы хабарландырудың қосымшасында көрсетілген.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер тізімін талаптарға сәйкес қоса берілген құжаттармен бірге электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз. Құжаттарды тапсыру мерзімі 2020 жылғы 20 маусымға дейін қоса алғанда.

Қосымшаны көру