Торайғыров университетінде «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша студенттік пән олимпиадасы аяқталды.

Командалық есепте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жеңіске жетті.

Қазылар алқасының шешімімен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті күміс жүлдеге ие болды.

Үздік үштікті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті және Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің (Семей қ.) өкілдері түйіндеді.

Жеке есепте М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенті Алёна Гусева бірінші орын иегері атанды.

Мария Жуликова (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) және Алина Құрманова (М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) екінші орын тұғырынан көрінді.

Александра Лебедева (Абай ат.ҚазҰПУ), Ксения Пшенина және Мафтуна Ахмедова (ОҚМПУ) үшінші орынды қанағат тұтты.

Сонымен қатар, шығармашылық байқаудың қорытындысы шығарылды:

1 орын - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;

2 орын - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;

3 орын - Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.