ҚР Білім және ғылым министрлігінің коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алуды қабылдау жөніндегі Бұйрығына сәйкес шетелдік сапарлардың барлығы тоқтатылды.

Наурыз-сәуір айлары аралығында 15 докторант пен 6 магистранның Чехия, Ресей және Латвияға ғылыми тағылымдамалары ресімделіп, жоспарланған болатын. Білім алушылар билет сатып алып, визалар мен медициналық сақтандыру полистерін ресімдеді.

Бүгінгі таңда шығындар көлемі 2 597 129 теңгені құрады.

Орын алған жағдайға орай ғылыми кеңес мүшелері бұл қаржыны университеттің бюджеттен тыс есебінен өтеуге дауыс берді.