Торайғыров университетінің студенті Жания Аманжолова Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде өткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында үшінші дәрежелі дипломға ие болды.

⠀Жас зерттеуші Phd докторы, т.ғ.к. профессор Абылай Жүнісов пен қауымдастырылған профессор Лязат Толымбаеваның жетекшілігімен техногенді қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін зерттеді.

Нақтырақ айтқанда, ферроқорытпа өндірісінің құрамында хром бар ұсақ дисперсті қалдықтарды кәдеге жарату тәсілдерін қарастырды.

Жания түйіршіктеу тәсілін қолдану арқылы мәселені шешуді ұсынды.

Ғылыми жетекшілердің айтуынша, бұл қалдықтардың құрамындағы хромның үлесі 65-тен 72 %-ға жетеді. Ал фракциялық құрамы түйіршіктеу үрдісін өткізуге жарамды, яғни, қосымша ұсақтауды талап етпейді.

⠀Нәтижесінде құрамында хром бар қалдықтарды өңдеу технологиясы әзірленіп, қалдықтарды қосатын арзан материал таңдалды.