Құрметті студенттер!

COVID-19 эпидемиясының таралуына байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі №156 «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 39 «Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» бұйрығының күшін жою негізінде, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелге бюджет қаражаты есебінен студенттерді 2020 жылы оқуға жіберу тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз.

Құрметті «ХХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы қатысушылары! Қатысқандарыңыз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз!

Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты, конференцияны сырттай форматқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Секциялық отырыстардың модераторлары баяндамамен сөз сөйлеуді жоспарлап отырған, тіркеу кезінде көрсетілген қатысушылардың қабылданған мақалаларын бағалайды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, лицейлердің, гимназиялардың оқушыларын бағалау орта білім беру мектептерінің оқушыларынан бөлек болады.

Модераторлар 2020 жылдың 10 сәурінен 30 сәуірі аралығында жұмыс істейтін болады.

Секциялық отырыстардың қорытындысы 2020 жылдың 15 мамырына дейін жарияланады.

2020 жылдың 15 мамырынан бастап жинақтарды, сертификаттарды, дипломдарды, алғыс хаттарды конференцияға қатысушылардың оқу орнына немесе жұмыс орнына дейін пошта арқылы жіберу жоспарлануда.

Карантин аяқтағаннан кейін, Павлодар қаласында тұратын барлық қатысушылар С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратынының 233б кабинетінен жинақтарды, сертификаттарды, дипломдар мен алғыс хаттарды ала алады.

Жинақтардың электрондық нұсқалары QR коды бойынша жүктеу үшін және университеттің басты бетінде www.psu.kz сілтемесі бойынша қолжетімді болады.

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне және COVID19 таратпау бойынша шаралар қабылдануына байланысты, жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы сырттай форматта өтеді.

Секциялық отырыстардың қорытындысы 2020 жылдың 15 мамырына дейін жарияланады.

Әрбір тіркелген қатысушы сертификат пен конференция жинағын алады, секциялық отырыс жеңімпаздарына 1, 2, 3 орындар алғаны үшін дипломдар жіберіледі.

Қатысқаныңыз және түсінгеніңіз үшін бәріңізге рахмет!

Продлевается прием научных статей в сборники Международной научной конференции молодых ученых, магистрантов, студентов и школьников «ХХ Сатпаевские чтения» до 01 апреля 2020 года.

Дата проведения конференции будет сообщена дополнительно.

Следите за информацией на официальном сайте университета www.psu.kz.

"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды.


2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және ДамуБанкі арасындағы Қарыз туралы келісім және 2019 жылғы 29 қарашадағы №35 Грант туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жарияланады.

Қызметтерді көрсетудің күтілетін мерзімі келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 9-10,5 айды құрайды және міндетті түрде тілдік емтиханға дайындық және кем дегенде IELTS 5.5-6.0 және TOEFL IBT 46-78 және одан жоғары (білім алушылардың кем дегенде 60%-ы) және IELTS 5.0 және TOEFL IBT 45 (қалған білім алушылар үшін) балдарымен тапсырумен, жалпыеуропалық тілдік біліктілік шкаласы бойынша elementary деңгейінен upper-intermediate деңгейіне дейін 3 деңгейді қамтиды.

Мүдделілік білдіру туралы ұсыныстар 2020 жыл 27 наурыз сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) электрондық мекенжайға қабылданады: және міндетті түрде көшірмесін Жобаның электрондық поштасына жіберу қажет: .

Хаттың тақырыбын көрсету қажет: "С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ТКК/ТТК ғалымдары және қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту жөнінде қызмет көрсетуге консультанттарды іріктеу"

Хатта компанияның түйіндемесін (еркін формада) және компанияда қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілік және тиісті тәжірибесі бар екенін көрсететін ақпаратты қоса тіркеу қажет.

Мүдделі консультанттар (тіл мектептері) қосымша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жұмыс сағаттарында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) ала алады.

Байланыс деректері: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Мекенжай: Павлодар қ., Ломов к-сі, 64, 140008

Жауапты тұлғалар: Шарипов С. Б., Крыкбаева М.С.

Телефон: 8 778 775 57 53, 8 701 523 01 17

Электрондық пошта:

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ ШАҚЫРТУ

Техникалық тапсырма

Ғалымдар, оқытушылар, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар, студенттер, 5 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары (жетекшісімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына 2020 жылдың 10 сәуір күні шақырамыз. 


Конференция аясында секциялық отырыстар өткізіледі, оның қорытындысы бойынша конференцияның жеңімпаздарына дипломдар, ал жетекшілерге алғыс хаттар беріледі.

Қосымша ақпарат үшін келесі нөмір бойынша хабарласыңыз: 8 708 117 29 99

Ақпараттық хат

Бағдарлама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдіктерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарламаның іске қосылғанын хабарлайды (ҚР БҒМ 29.08.2019 жылғы №389 бұйрығы).


2020 жылы бакалавриат – 490, магистратура – 50, докторантура – 10 бағдарламалары бойынша оқуға қарастырылған.

Өтініштер 2020 жылдың 1 наурызынан 1 маусымына дейін қабылданады. ҚР БҒМ бакалавриаттың, магистратураның және докторантураның стипендиялық бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындарының тізбесін анықтады. Ақпараттық сайтта ұсынылған https://enic-kazakhstan.kz

Қосымша ақпарат

Мевлана (Mevlana Exchange Programme) бағдарламасы бойынша Памукале Университетіне (Pamukkale University) (Түркия Республикасында) оқытушылар арасында «Түрік тілі мен әдебиеті», «Экономика», «Менеджмент», «Педагогика» ғылымдар бағыттарына 2020-2021 оқу жылына курстарға қатысу және дәріс оқыту мақсатымен конкурс жарияланады.


Өтініштер 2020 жылдың 12 наурызға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін меңгеру деңгейі В2-ден (6.0) кем болмауы.

Конкурсқа қатысу үшін өтінішті толтырып  (Academic Staff Information Form), (Academic Staff Mobility Programme) , паспорт көшірмесін (+ pdf форматтағы скан) Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет.

Толық ақпаратты ссылке немесе Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).

Мевлана (Mevlana Exchange Programme) бағдарламасы бойынша Памукале Университетіне (Pamukkale University) (Түркия Республикасы) 2020-2021 оқу жылында оқу үшін «Түрік тілі мен әдебиеті», «Экономика», «Менеджмент», «Педагогика» мамандықтарының 1, 2, 3 курс студенттері, 1 және 2 курс магистранттары, 1,2 курс докторанттары арасында конкурс жарияланады.


Өтініштер 2020 жылдың 12 наурызға дейін қабылданады.

Конкурста қатысу үшін бакалавр/магистратура/докторантура студенттеріне қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В2-ден (6.0) кем болмауы (сертификаттың бар болуы), бакалавр студенттеріне GPA орташа баллы 2,50/4.0, магистратура/PhD студенттеріне GPA орташа баллы 3.0/4.0 академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: (Student Information form), Student Application form, өтініші, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан).

Толық ақпаратты сілтемеден немесе Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-85 (1205).

2020 ж. 21 мамырында С. Торайғыров атындағы ПМУ-де IELTS халықаралық емтиханын өткізу жоспарланады. Бағасы 72 000 тенге. Емтихан тапсыруға ниет білдірушілерді келесі нысанды толтыруларын сұраймыз (сілтеме).


Университет сайтында алдын-ала тіркелу 2020 ж. 10.04. аяқталады.

Анықтама үшін А-266, тел. 8 (7182) 67-37-85 (ішкі 1347), 8-701-951-0115.

A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb