АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Құрметті әріптестер!

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, белсенді жастардың және жобалық менеджмент және бизнес жоспарлау мәселелеріне қызығушылық танытатын тұлғалардың біліктілігін арттыруға ықпал ету шеңберінде «Жобалық менеджмент және бизнес жоспарлау» атты көлемі 36 сағат практикалық курсын осы жылдың 03 - 08 маусымның аралығында өткізуді жоспарлап отыр.

Оқыту мақсаты: жобалық менеджмент және бизнес жоспарлау бойынша білім, дағды мен іскерлікті алу.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар құзыреттілігін, білімін және түсінігін қалыптастырады:

- жобалық менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері;

- экономиканың түрлі салаларында кәсіпкерлік бизнес-жобаларды ұйымдастыру үдерістері;

- кәсіпкерлік бизнес-жобаларды іске асыруды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктері.

Оқуды өткізетін: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универсиетінің экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Титков Алексей Анатольевич.

Біліктілікті арттыру курсының бағасы - 10000 теңге. Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

 

Оқуға өтініш

«Проектілік менеджмент және бизнес – жоспарлау»

Құжат бойынша толық аты-жөні

Жұмыс орны, лауазымы

Эл. пошта, байланыс деректер, ұялы телефон

Қатысу түрі

1

       

 

Қатысу туралы өтініштер 2019 жылдың 27 мамырға дейін электронды поштаға жіберіледі . Тыңдаушылардың жиналуына байланысты оқыту өткізіледі.

Төлемге арналған реквизиттер: «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, Павлодар қ., Ломов көш., 64, БСН 990 140 004 654

1. АҚ «Қазақстан халық банкі», ИИК KZ 15 6010 2410 0000 3308, БИК HSBKKZKX, Кбе 16, КНП 861, «Біліктілікті арттыру курсына»

2. АҚ «Цеснабанкі», БИК TSESKZKA, ИИК KZ57998FTB0000003310, Кбе 16, КНП 861, «Біліктілікті арттыру курсына»

С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің біліктілікті арттыру орталығының байланыс ақпараты: Павлодар қ., Ломова көш., 64, С. Торайгыров атындағы ПМУ, кабинеті А-217, тел. 8 (7182) 67-36-65 (ішкі. 11-82), ұялы.тел. 8 707 6030281, 87056130659.

Құрметпен, Біліктілікті арттыру орталығы

Мүдделі тұлғалар!

2019 жылдың 17-ші сәуірінде Erasmus + Қазақстандағы Ұлттық кеңсесі, Erasmus + бағдарламасының іс-шараларына қатысу мақсаттары, мазмұны мен шарттары («Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» және «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» компоненттері) бойынша ақпараттық сессия өткізеді.

Осыған байланысты біз ағылшын тілін білетін және осы сессияға қатысу үшін шетелге барғысы келетін мүдделі адамдарды шақырамыз. Өтетін орны: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,. Ломов 64 көшесі, А-2 дәрісханасы.

Тіркелу - сағат 13: 15-де Сессия басталуы - сағат 13: 45-де.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

24 сәуір 2019 ж. сағат 15:00-де,

Павлодар қ., Ломова көш. 64, С. Торайғыров атындағы ПМУ спорт залында 2019 жылы бітіретін түлектерге бос жұмыс орындар Жәрмеңкесі өткізіледі.

Қатысу туралы өтініштерді электрондық поштаға жіберуге болады.

Анықтама тел.: 8(7182) 673689(вн. 11-90)

Құрметті студенттер!

Республикалық бюджет қаражаты есебінен ЕО елдеріне, АҚШ пен Оңтүстік-Шығыс Азияға академиялық ұтқырлық бағдарламасына (2019-2020 жж. күзгі семестрде) қатысуға студенттерді қабылдау жалғасуда.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

С. Торайғыров атындағы ПМУ-де IELTS халықаралық тестілеу өткізу жоспарланады. Бағасы 52 000 тенге. 2019 ж. 18.04 тест тапсыруға ниет білдірушілердің тіркелуі жабылады. Хабарласу үшін А-266, тел. 8 (7182) 67-37-87 (ішкі 1347), 8-701-951-0115.

Құрметті докторанттар мен оқытушылар!

Лодзь технологиялық университеті (Польша) Сізге докторлық және ғылыми-педагогикалық кадрларға үміткерлердің стипендиялық (бір орын) алмасуына қатысуға шақырады.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ғалымдар, оқытушылар, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар, студенттер, 5 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары (жетекшісімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХІХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына шақырамыз. Тіркеу бас оқу ғимаратының холлында сағат 8.00 болады.

Құрметті студенттер!

Томск политехникалық университеті 2019-2020 оқу жылында алмасу бағдарламалары бойынша (академиялық ұтқырлық) оқытуға өтінім қабылдау үшін ашық деп хабарлайды.

Құрметті студенттер!

Краков технологиялық университеті (CUT) Жазғы мектеп бағдарламаларына қатысуға шақырады.

Құрметті студенттер!

2019 жылдың 15-16 сәуірінде Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 5В050400 – Журналистика мамандығының қазақ бөлімдері бойынша ХІ республикалық студенттік пән олимпиадасы өтеді. Олимпиада 5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша мамандар даярлайтын ЖОО-ның 2-4 курс студенттері арасында ұйымдастырылады. Олимпиадаға жоғары оқу орындарында өткен университетішілік олимпиаданың жеңімпаздары қатысады.

A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb